26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Алдағы күндері Қазақстанда қар жауып, бұрқасын болады

1 ақпан 2017 Қаралым: 1 836 Ауа райы
Алдағы күндері Қазақстанда қар жауып, бұрқасын болады

Алматы. 1 ақпан. Ақпараттар орталығы. Қазақстанда қар жауып, бұрқасын болады, делінген «Қазгидромет» РМК-ның 2-4 ақпанға арналған болжамында.   

"Кезекті  циклон Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстан арқылы өтеді", — деді синоптиктер.

Циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар  көптеген облыстарда қар жаудырып, боран соқтырып, көріну қашықтығын 500 метрден кем төмендетіп, желдің күші 15-20 м/с дейін, солтүстік облыстарда желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.

Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлері сондай-ақ фронттардың, бірақ оңтүстік циклонмен байланысты фронттар аймағында болады. Сондықтан мұнда негізінен, жауын-шашын болып, қар жауып, тұман басып, күшті батыс желі кейде 23-28m/с жетіп, температура төмендеп, көктайғақ күтіледі, қар мен тұманның салдарынан көріну 200-500 м дейін қысқарады.

Тағы оқыңыз