Әлеуметтік желілерде ПТР-тестілеу нәтижелері көрсетілген фейк бланкілер таратылуда
04 Марта 2021
1264
Социум
Фото:stopfake.kz
Алматы. 4 наурыз. Ақпараттар орталығы - Әлеуметтік желілерде кейбір қазақстандық пайдаланушылар COVID-19 ПТР-тестілеу нәтижесін бұрмалау туралы ақпаратпен бөлісуде. Бұл заңсыз, деп хабалайды Хабар 24.
Қазақстанда жалған құжаттар дайындау және пайдалану үшін жауапкершілік қарастырылған, деп хабарлайды stopfake.kz. Әлеуметтік желілерде таратылып жатқан жарияланымда Telegram-чатқа апаратын сілтеме көрсетілген. Онда COVID-19 ПТР-тестілеудің теріс нәтижелері бар бланкілер ұсынылған. Чатты құрушының айтуынша, бұл үлгілерді адамның аты-жөні мен күнді енгізу арқылы өзгертуге болады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі талдау нәтижелері бар жалған бланкілерді түпнұсқадан ажырату және олардың дұрыстығын тексеру оңай екенін атап өтті.
«Комитеттің «Ұлттық сараптама орталығы» филиалдары ұсынған зерттеу хаттамаларының түпнұсқалығын зертханалық ақпараттық жүйе (ЗАЖ) бағдарламасы арқылы сәйкестендіру мынадай параметрлер бойынша жүргізіледі: ЗАЖ бағдарламасы берген зерттеу хаттамасындағы штрих код; www.nca.kz сайтында сәйкестендіруге болатын аккредиттеу аттестатының нөмірі көрсетілген, Қазақстан Республикасының Ұлттық аккредиттеу органы берген аккредиттеу белгісінің болуы; «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу және есеп беру құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрықпен регламенттелген зерттеудің әрбір түріне арналған зерттеу хаттамасының бекітілген нысаны. Нысанда зерттеу орындаушысының, зертхана басшысының деректері және ұйымның мөрі көрсетілген», – деп хабарлады ведомстводан.
Қазақстанда жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi,
бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды
қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу заңсыз болып табылады. Бұл үшін ҚР ҚК
385-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген. Заң бұзушылар екі жылға
дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан
айыруға жазаланады. Көрінеу жалған құжатты пайдалану 160 АЕК дейiнгi мөлшерде
айыппұл салуға не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
Сонымен қатар, COVID-19 ПТР талдауының теріс нәтижесі көрсетілген бланк жасау
қауіпті. Мұндай құжатты қолданған адам іс жүзінде індетпен ауырып, оны
басқаларға жұқтыруы мүмкін.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




