Әлібек Дінішев «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапатталды
23 Августа 2021
1292
Культура
Алматы. 23 тамыз. Ақпараттар орталығы - Қасым-Жомарт Тоқаев халық әртісі Әлібек Дінішевті «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапаттады, деп хабарлайды Хабар 24.
Мемлекет басшысы мәдениет майталманын мерейтойымен құттықтап, өнерге сіңірген еңбегін жоғары бағалады. Әлібек Дінішевтің жарты ғасырға жуық атқарған қызметіне ризашылығын білдірді. «Педагог ретінде де, қоғамдық жұмыстарда да белсендісіз. Тәуелсіз еліміздің дамуына сіңірген еңбегіңіз орасан. Осы қызметіңізді ескере отырып, отандық мәдениетті дамыту мен музыка өнерін дәріптеудегі айрықша еңбегіңіз үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы шешім қабылданды. Мен оны лайықты шешім деп есептеймін», – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: – Мерейлі жас қой бұл. Әрбір адамның ғұмырындағы өте маңызды меже. Сондықтан шын жүректен құттықтаймын. Әрқашан аман болыңыз! Өзіңіз қазақтың маңдайына біткен ең дарынды тұлғалардың бірісіз. Сондықтан біз бәріміз сізді мақтан тұтамыз. Сізді білмейтін адам жоқ, Қазақстанда болсын, бүкіл әлемде болсын. Бәрі сіздің өнеріңізді жақсы біледі. Жоғары бағалайды. Сондықтан бәріміз ризашылығымызды білдіреміз.
Әлібек Дінішев ҚР халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері: – Менің шығармашылығымды бағалап, көрсетіп жатқан құрметіңіз үшін алғыс айтамын. Өзіңіз айтқандай, еліміздің де, шет мемлекеттердің де сахнасында өнер көрсетіп келе жатқаныма 45 жыл болған екен. 70 жас мерейтойыма жоғары дәрежелі «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беріп жатырсыздар. Шексіз ризашылығымды білдіремін.
Кездесуден соң Әлібек Дінішев тұтас қазақ еліне алғысын білдірді. Халық әртісі жұрттың ыстық ықыласына бөленгенін зор бақытқа балады.
Әлібек Дінішев, халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері: – Бұл
мен үшін қуанышты күн. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жоғары дәрежелі
марапат «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапатады. Шығармашылығымды жоғары
бағалағаны үшін Мемлекет басшысына тағы бір мәрте ризашығылығымды білдіремін.
Мен халық үшін ән шырқадым, содан шабыт алдым. Осы сәтті пайдалана отырып
Қазақстан жұртына алғыс айтамын. Мен елдің ықыласына бөленгеніме ризамын.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




