• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Алматыда атыс шығарған күдіктінің әйелі банктің қалай алдағаны туралы айтып берді

Фото:Радио Азаттык

Алматы. 21 қыркүйек. Ақпараттар орталығы - Алматыдағы Ақбұлақ шағын ауданында болған атыс бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. Кеше жыжымайтын мүлікке қатысты сот шешімін орындауға келген сот орындаушысы мен учаскелік инспекторларға үй иесі қарудан оқ атып, 5 адам қаза тапқан еді, деп хабарлайды Хабар 24.

Күдікті қазір абақтыда, тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал күдіктінің әйелі банк оларды алдап, тақырға отырғызғанын алға тартты. Мына үй қарудан оқ атқан күдіктінің отбасына тиесілі. Сот орындаушысы баспана иесіне ескертпестен мүлікті борышкердің банк алдындағы берешегі үшін сатып жіберген. Ал кеше жылжымайтын мүліктің жаңа иесі, оның досы, екі учаскелік инспектор мен жеке сот орындаушысы үй иесін мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімін орындау мақсатында осы жерге келеді. Мәселе ушығып, үй иесі қарсылық көрсетіп, қарудан оқ жаудырған. Көршілерінің айтуынша, томаға тұйық жүретін күдікті айналасындағылармен жақын араласпаған.

Евгений Курбатов, қала тұрғыны: - Оны осындай әрекетке барады деп күтпедік. Көршілердің бәрі оны жазғыруда. Кеше оқтың дауысы қатты шықты. Қорқынышты болды әрине. Қаруды қайдан алған, оны білмедім. Жалпы ауданымыз тыныш, бұрын мұндай жағдай болмаған.

Күдіктіні ұстау кезінде қару қолданылмаған. Көз жұмған учаскелік инспекторлар табельді тапаншаларын пайдаланбапты. 

Қанат Таймерденов, қалалық полиция департаментінің басшысы: - Табельді қару қолданылмаған. Біз бірінші кезекте азаматтардың қауіпсіздігін назарға аламыз. Мұның үстіне ол жерде кәмелетке толмаған балалар болды. Соларға қауіп төнген болар. Біз әрине мұны қазір нақты айта алмаймыз.

Ведомствоаралық жедел тергеу тобы мәселенің мән-жайын анықтайтын болады. Бүгін түс ауа қайғылы оқиға болған аумақтан қоршау алынды. Күдіктінің әйелі банктың оларды алдап, тақырға отырғызғанын айтып, журналистерге сұхбат берді.

Анаида Демирчян, күдіктінің әйелі: - Сот орындаушысы біздің жылжымайтын мүлкімізді бізге айтпастан сыртымыздан 5 есе арзан бағаға сатып жіберіпті. Ол бізді алдады, сыбайластық жасады. Иә, әрине кешегі болған жағдайдан соң маған бірдеңе айту қиын. Бірақ олар менің күйеуімді осыған жеткізді. Мен бұл туралы өзіме толық жауапкершілік ала отырып, айта аламын.

Қазір 54 жастағы күдікті абақтыда. Оған қатысты «кісі өлтіру» және «билік өкіліне күш қолдану» баптары бойыша екі қылмыстық іс қозғалды. Оның аңшылық мылтығы тәркіленіп, сараптама тағайындалды. Ал қайтыс болған учаскелік инспектордың бірінің артында 5 баласы, екіншісінде 2 бала әкесіз қалды. Бүгін Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев қара жамылған отбасыларға барып көңіл айтып, баспана берілетінін жеткізді. Екі полиция қызметкері де «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

Источник: Хабар 24

ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в

ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля

ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО

ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью

ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте

ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии

ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение

ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области

ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков

ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше

ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих

ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения

ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре

ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в

ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте

ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»

ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля

ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта

ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске

ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино

ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице

ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию

ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования

ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду

ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий

ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области

ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО

ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»

ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве

ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе