Алматыда жыл соңына дейін ақылы 10 паркинг ашылады
Алматы. 4 мамыр. Ақпараттар орталығы. Алматыда жыл соңына дейін ақылы 10 паркинг ашылады, деп хабарлады «Алматы СпецТехПаркинг Сервис» ЖШС директоры Марат Пірінбеков.
«Біз жыл соңына дейін пайдалануға 10 нысан тапсырмақшымыз. Олардың басым көпшілігі Солтүстік айналма жол бойында болады. Жоспар бойынша жыл соңына дейін Райымбек - Сейфуллин - әль-Фараби – Қалдаяков шаршы аумағында салынады. Гоголь көшесімен біз саябаққа тірелеміз. Сол жерде Қалдаяқов көшесі бар. Мақатев көшесімен Бөрібаев көшесіне дейін», - деді М. Пірінбеков.
Осылайша, жақында «Олжа», «Адем», «Ялан» базарларында, «Нұрлы тау» бизнес-орталығында шлагбаумы бар паковкалар ашылады.
Компания мәліметтерінше, бүгінге Алматыда 68 паркомат орнатылған, 5 868 парковкалық орын (оның ішінде 143 орын мүгедектерге арналған) жабдықталған. 30 инспектор көшелерде жұмыс атқарады.
Дереккөз: КазТАГ


