Ауылшаруашылық техникасын утилизацияға қабылдау 2 қарашада басталады
21 Октября 2020
1766
Экономика,
Авто
Фото:Хабар 24
Алматы. 21 қазан. Ақпараттар орталығы - Елдегі ескірген ауылшаруашылық техникасын утилизацияға қабылдау 2 қарашадан басталуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жауапты оператор істен шыққан техниканы тапсыру бағдарламасын жариялады. Ескі техниканы жауапты операторға тапсырған адамға арнайы сертификат беріледі. Өтемақы сомасы 560 мыңнан басталып, 2 миллионға дейін жетеді. Мәселен, ескі комбайнның салмағы техникалық паспортта көрсетілген массаның 50 процентінен асса, иесіне 2 миллион теңгенің жеңілдік сертификаты берілуі мүмкін. Ал оған жетпесе, кем бөлшектеріне қарай түрлі баға белгіленеді. Толық салмақты трактор үшін 1 миллион теңге төленеді. Жеңілдік сертификатын Қазақстанда жасалған жаңа ауылшаруашылық техникасын сатып алу кезінде пайдалана аласыз. Ол 12 айға дейін ғана жарамды болады.
АХҚО қатысушылар 5 млрд теңге салық төледі
«Астана» халықаралық қаржы орталығындағы сауда-саттыққа қатысушылар биылғы үш тоқсан ішінде 5 миллиард теңге салық төледі. Яғни коронавирус дағдарысына қарамай іскерлік белсенділік төмендемеген. Былтыр 12 айда қатысушылардан 6,99 миллиард салық алынған болатын. Сондай-ақ орталық екінші жыл қатарынан мемлекеттен алатын қаржы көлемін азайтып отыр. Былтыр олар қазынадан 13 миллиард теңге алса, биыл 11 миллиард 800 миллиондай сұраған. Келер жылы 9,9 миллиарқа дейін қысқарту туралы жоспар қойып отыр. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қаржы орталығына 2023 жылға дейін өз-шығынын өзі жабатын деңгейге жету міндетін жүктеген.
«7-20-25» бағдарламасының кемшін тұстары
Соңғы екі жылда 7-20-25 тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасы аясында 24 мыңдай өтініш мақұлданды. Оның жалпы сомасы 280 миллиард теңгені құрайды. Ұлттық Банктің мәліметтеріне қарағанда бұл бағдарламаға негізінен айлық табысы жүз мыңнан асатын азаматтар сәйкес келеді. Сондай-ақ қарыз алушының атында басқа баспана және ипотекалық несие болмауы тиіс. Ал тұрғын үй жаңа болуы және паайдалануға берілуі шарт. Мамандардың айтуынша, дәл осы шарт көп адамның үй алуына кедергі болып тұр. Себебі жаңа пәтер табу қиын. Көпшілігі үй салынып жатқан кезде сатылып кетеді. Екіншіден, жаңа үй міндетті түрде жөндеп, жиһаз алуды қажет етеді. Жиған тергенін алғашқы жарнаға бергендерде оған қажетті қаржы бола бермейді. «Баспана хит» бағыңды аша ма? Ал «Баспана хит» бағдарламасы бойынша соңғы екі жылда 331 миллиард теңгеге 38 мың өтініш мақұлданды. Бұл бағдарламаға, айлық табысы 163 мың теңгеден астатын азамттар жүгіне алады. Мұнда басыңда баспананың бар жоғы ескерілмейді. Төлеу қабілетің келсе жетіп жатыр. Сондай-ақ осы бағдарлама арқылы несиеге жеке үйді рәсімдеуге де болады. Бағдарлама бойынша банктің үстемақысы 10 проценттен сәл асады. Биыл тоғыз айда еліміздегі инфляция деңгейі 7% жетті Осылайша Қазақстан тауарлардың қымбаттауы жағынан Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ішінде шілдеден бергі ең жоғары көрсеткішке жетті. Одақтың статистика департаментінің мәліметтеріне қарағанда, жыл басынан бері Беларусьте инфляция 6,1 процент, Қырғызстанда 5,4 Ресейде 3,7 Арменияда 1,4 процент болған. Азық-түлік тауарларының қымбаттауы жағынан да Қазақстан тізімнің басында. Бір жыл ішінде біздегі азық-түлік тауарлардың бағасы 10 процентке өскен. Коронавирус күш алған кезде жұрт имуниттетті көтеретін азық-түлік алуға ұмтылған еді. Сол кезде сұраныс артқан сарымсақтың құны бірден 54 процентке көтерілген.
Бүгін «Нарықтағы баға» айдарында соның құнына шолу жасаймыз. Қазақстан бойына сарымсақ ең арзан өңір – Алматы мен Қарағанды қалалары. Мұнда келісі мың теңге шамасында саудаланады. Ал Қостанай дүкендерінде мың 60 теңгеден сатылады. Талдықорғандықтар көкөністің бұл түрін 1200 ден алады. Таразда 100 теңгеге қымбат. Елордалықтар да сарымсақтың келісі үшін 1300 теңге төлейді. Енді валюта бағамына тоқталайық. Қазақстан қор биржасында АҚШ тың бір доллары 428 теңге 67 тиынға тең. Еуро 501 теңге 70 тиын. Ал Ресей рублі 5 теңге 52 тиын деп белгіленген.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




