• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Алматыда медициналық қызметтерге қол жеткізу жеңілдейді

Алматы. 20 қазан. Ақпараттар орталығы -  Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнар Ысқақова хабарлады, деп хабарлайды Хабар 24.

Гүлнар Ысқақованың айтуынша, әлеуметтік карта Цифрландыру басқармасымен және Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасымен бірлесіп әзірленуде. Спикердің айтуынша, жүйе үйден шықпай-ақ қажетті анықтамаларды, қызметтерді жедел алуға бағытталады.

«Қала тұрғындары цифрлық құралдарды пайдалана отырып, көп уақыт жұмсамай, қажетті қызметтер мен өз сұрақтарына жауап ала алатындай етіп жұмыс істеп жатырмыз. Мысалы, баланың туу туралы куәлігін қазір онлайн режимде алуға болады. Егер бұрын бала туғаннан кейін ата-ананың біреуі ХҚКО барып, құжат алуға өтініш беруге кезекте тұруға тура келсе, ал қазір әлеуметтік картаның көмегімен барлығы онлайн дайындалады. Құжатты жеке кабинеттен алып және басып шығару жеткілікті», — деп атап өтті ол.

Бұдан басқа барлық әлеуметтік төлем мен жәрдемақы босанған әйелге арналған картаға түсетін болады. Ол үшін әйелдерге баланы басқаға қалдырып, уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Барлық қызметтерді қысқа мерзімде алуға болады.

«Біз туу туралы куәліктің деректері электрондық форматта шығуы үшін және ол жұмыс кабинетіне байлануы үшін тиісті органдарға жүгіндік. Яғни бұл қағазды алу үшін барлық мөрмен бірге алып жүрудің қажеті жоқ. QR-кодтың болғаны жеткілікті. Соған тікелей байланыстырып, қажет болған жағдайда тек қана басып шығару керек», — деп толықтырды Г.Ысқақова.

Сонымен қатар ол сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша карта әзірлегенін атап өтті. Картада ТМККК және МӘМС шеңберінде көмек көрсететін мемлекеттік, оның ішінде жеке меншік емханалардың деректері ұсынылған. Сондай-ақ қадамдық қолжетімділікке байланысты стратегия әзірленді және қосымша амбулатория ашу қажеттілігі бар аймақтар көрсетілді.

«Бұл бағытта жұмыс жалғасуда. Жыл соңына қарай бізде мемлекеттік және жеке ұйымдар көп болады деп үміттенеміз және пациентке ұзақ уақыт жүрудің қажеті болмайды. Пациент дәрігерлік амбулаторияға дейін жаяу жүріп, барлық қажетті көмекті ала алады», — деп түйіндеді ол.

Источник: Хабар 24

ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в

ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля

ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО

ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью

ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте

ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии

ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение

ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области

ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков

ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше

ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих

ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения

ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре

ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в

ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте

ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»

ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля

ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта

ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске

ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино

ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице

ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию

ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования

ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду

ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий

ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области

ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО

ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»

ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве

ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе