29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Алматылықтарға көліктерін жол жиектерінде қалдырмауға кеңес берді

3 ақпан 2017 Қаралым: 2 615 Авто,  Көлік,  Ауа райы
autodont.ru
Фото: autodont.ru

Алматы. 3 ақпан. Ақпараттар орталығы. Алматыда ақпанның 3-нен 4-не қараған түні қар жауады деп күтілуде, деп хабарлады ҚазТАГ қаланың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына сілтеме жасап.

"Ақпанның 3-нен 4-не қараған түні қар жауады деп күтілуде. Түнде және ертеңгісін жолдарда қар тазалайтын техника жұмыс жасайды, соған байланысты жол қозғалысы қиындауы мүмкін", — делінген хабарда.

Басқармада қала тұрғындарын коммуналдық қызмет жұмыстарына түсіністік танытып, мүмкіндігінше жеке көліктерін жол жиектеріне тастамауға кеңес беруде.

Дереккөз: КазТАГ

Тағы оқыңыз