Апатқа ұшыраған тікұшақ қалдықтарын іздестіруге 600-дей адам жұмылдырылды
29 Января 2016
1525
Іздестіру,
Апат,
Тікұшақ
Алматы. 29 қаңтар. Ақпараттар орталығы. Алматы облысында апатқа ұшыраған тікұшақ қалдықтарын іздестіруге 560 адам мен 98 бірлік техника жұмылдырылды, деп хабарлады ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен.
Хабарда айтылғандай, кеше шамамен сағат таңғы 8:20 шамасында «Аслан» АҚ-ға тиесілі жоғалған MD-600 тікұшағын іздестіру нәтижесінде Қапал елдімекенінің бұрылысынан 3 шақырым қашықтықта 26 іздестіру тобының бірі тікұшақ сынықтары мен әуе кемесінің бортында қаза тапқан бесеудің денелерін тапқан.
Іздестіру жұмыстарына Алматы облысы ішкі істер және ТЖ департаментінің, Ұлттық гвардияның, жергілікті атқарушы органдардың, ҚР ҰҚК мен Қорғаныс министрлігінің құрамынан 27 қаңтарда 18 іздестіру тобы, 28 қаңтарда 26 іздестіру тобы тартылды. Сонымен қатар Ескелді ауданынан 60 жергілікті тұрғын мен Ақсу ауданынан 100 адам мен 80 ерікті қатысты. Сонымен жалпы іздестіру жұмыстарына 560 адам мен 98 бірлік техника тартылған. Іздестіру жұмыстары 28 қаңтар күні түнімен жүргізілді.
Қазір тікұшақтың апатқа ұшырауы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында қажетті жедел-тексеру шаралары жүргізілуде. Оның апатқа ұшырау себебін тексеруді ҚР Ішкі істер министрлігінің тергеу департаменті бақылауға алды.
«Жолы қиын жерде іздестіру шараларын жедел әрі уақытылы жүргізуге өткізгіштігі жоғары «Шаман», «Трекол» техникасы мен қарда жүргіш көліктің болуы да оң әсерін тигізді, олар 2015 жылы Алматы облысы ТЖД жедел-құтқару жасағы үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынған», — делінген ТЖК хабарында.
Хабарда айтылғандай, ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко Алматы облысы Ақтума ауылында штаб отырысын өткізіп, әкімдік, ІІД, ТЖД өкілдерін, тергеу тобының жетекшісін тыңдады. Тікұшақ апатқа ұшыраған жерді қарап шықты.
Қаза тапқандардың отбасына психологиялық көмек көрсету шаралары қолға алынды. Жедел желі телефоны жұмысын жалғастыруда. Қазіргі таңда оған 192 телефон қоңырауы келіп түскен.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қаза тапқандардың отбасына барып жатыр.
Алматы облысы әкімдігінің ақпарынша, қаза тапқандардың отбасына материалды көмек көрсетіледі.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінде өлімге алып келген топтық қайғылы оқиғаны арнайы тексеру бойынша мемлекеттік комиссия құрылған. Оны ҚР ДСӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов басқарады. Оқиға орнына ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой мен ДСӘҚМ Республикалық санитариялық авиация орталығының басшысы келді.
Сонымен қатар, үкіметтің 2011 жылы 18 шілдедегі №828 қаулысымен бекітілген авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидасына сәйкес Инвестиция және даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті ҚР ИДМ ААК жетекшілігімен тікұшақтың апатқа ұшырау себебін тексеру жөніндегі комиссия құрды.
Билік те қаза тапқандарды жерлеу рәсіміне көмек көрсетеді.
Жедел-іздестіру тобыныың жұмыстары жалғасуда. Оның саны артты. Жергілікті полициямен өзара қарым-қатынасты орнату бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




