Ақмола облысында дұрыс қойылмаған көлік жолаушысымен бірге суға батып кеткен
Алматы. 8 тамыз. Ақпараттар орталығы. Ақмола облысында дұрыс қойылмаған көлік жолаушысымен бірге суға батып кеткен.
ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2016 жылдың 4 тамызында Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының суға сүңгу бөлімшесінің 4 адамы Ақмола облысы Ерментау ауданы Сілеті өзенінде іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Ол жерде 3 адамнан тұратын отбасы демалып жүріп, түнеген. Ертеңгісін күркеден шыққан ерлі-зайыптылар судан 15 м жерге қойған көліктерін таппай қалған. Ал көліктің ішінде әкесі болса керек. Резеңке қайық жылжыған, ал доңғалақтардың ізі суға қарай алып келген.
Оқиға орнына келіп жеткен сүңгуірлер «АUDI-А4» көлігін жағалаудан 50 метр жерде 7 метр тереңдіктен тапқан. Көлік салонын тексерген олар, 1955 жылы туылған ер адамның мүрдесін тапқан. Оны көліктен шығарып, тумаларына табыстаған.
«Бұл суға сүңгу қызметінң тарихында кездесіп отырған тежеуіші қолмен басқарылатын көліктің суға батып кетуінің бірінші жағдайы емес. Сондықтан көлік жүргізушілеріне, суда демалғанды жақсы көретіндердің есіне тағы саламыз: көлікті жағалауға параллель қою керек, оған перпендикуляр қоймаңыздар», - деп атап өтті ТЖ комитетінен.


