• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Ақтауда кинотеатрлар жеті ай карантиндік үзілістен соң қайта ашылды

Алматы. 28 қазан. Ақпараттар орталығы - Көпшілікке арналған орындардың жұмысы санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, 26 қазанда басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кіреберісте келушілердің дене қызуы өлшеніп, бетперде тағуы сұралады. Кинозалдар әр сеанс сайын тазаланып, ауа заласыздандырылады. Аймақ тұрғындары көптен күткен күн қазақстандық жаңа кинокомедиямен ашылды. Kinopark-Kinoplexx Theatres желісінің Ақтаудағы 3 кинозалы көрермен келуден бұрын мұқият тазаланады. Техникалық қызметкерлер әр орындықты микроб жойғыш ертіндімен өңдеп, зал ішіне кварц-шам жағып қояды. Әрқайсы 150 орындық нысан сыйымдылығы 30 проценттен аспайды. Адамдар арасында екі орын бос тұрады. Санитарлық талаптарды сақтаудың маңыздылығын көпшілікпен қатар кино түсірушілер де түсіністікпен қабылдаған.

 Тимур Бақтыбаев, продюсер: – Бұл тек қана Қазақстан ғана емес, бүкіл дүние жүзі бойынша мәселе боп тұр. Біз 7-8 ай бойы киномызды шығара алмадық. Қиындық әрине көрдік. Себебі нанымызды осы кино арқылы табамыз. Кинотеатрлар ашылса, бұл салада 7-10 мың адам жұмыс істейді. Оның ішінде кассирі бар, оператор, тағы да басқасы бар. Аллаға шүкір, қазір елімізде жайлап кинотеатрларымыз ашылып жатыр.  Маңғыстаулықтар карантин уақытындағы үзілістен соң тамашалаған алғашқы отандық кинотуынды «Любовь на миллион» деп аталады. Картина режиссері – Олжас Ибраев, продюсері – Тимур Бақтыбаев. Басты рөлдерді Ернар Сақыпов, Жахан Отарғалиев, Дина Тасболатова және Гүлнар Селбаева сомдайды. Романтикалық комедияда жас буын бойында болуы тиіс жақсы қасиеттер насихатталады.

Ернар Сақыпов, актер: – Адалдықтың, адал махаббаттың, жалпы ер адамдардың арасындағы достықтың тақырыбын ашады. Маған бәрі қызық болды, өйткені бірінші киноға түсіп жатқаннан кейін болар. Біз эмиоцияны көріп үйреніп қалғанбыз. Әзіліңді айттың оған күлді, соған үйренгенбіз. Ал камераның алдында басқаша екен. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешімімен эпидемиологиялық жағдай тұрақты аймақтарда кинотеатрлардың жұмысы 26 қазаннан бастап қайта жанданғаны мәлім. Әзірге бұл мүмкіндік Ақтау, Атырау мен Алматы қаласына беріліп отыр.

Источник: Хабар 24

ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в

ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля

ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО

ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью

ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте

ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии

ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение

ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области

ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков

ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше

ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих

ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения

ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре

ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в

ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте

ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»

ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля

ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта

ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске

ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино

ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице

ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию

ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования

ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду

ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий

ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области

ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО

ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»

ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве

ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе