Ақтаулық оқушы Гиннесстің рекордтар кітабына енуді армандайды
08 Февраля 2021
1899
Социум,
Образование
Фото:Nege.kz
Алматы. 8 ақпан. Ақпараттар орталығы - Ақтаулық «буынсыз бала» Азамат Нұрқожа өз есімінің Гиннес рекордтар кітабына енуін армандайды, деп хабарлайды Хабар 24.
13 жастағы жеткіншек №8 орта мектепте оқиды. Азамат 3 жасында денесін түрлі бағытта иіп, аяғын мойнына асып жүруді үйренген. Ерекше қабілеті үшін отандық режиссерлерден киноға түсуге шақырту алған. Оқушы Азамат кәсіби гимнастшылар жасайтын жаттығуларды еркін орындайды. Анасының айтуынша, сәби шағынан қол-аяғы бұралып ұйықтайтын перзентін бастапқыда дәрігерге қаратуды ойлаған. Кейін айрықша қабілеті барын түсініп, спорт үйірмесіне беріпті. Қазір «Ютуб» арналарын бірге қарап, танымал трюктерді үй жағдайында және теңіз жағалауында қайталатып жүр.
Жанна Байбозова, Азаматтың анасы:
- Үйде дайындаған кезде мен де спорттық үлгіде киінемін. Екеуміз бірге жаттығамыз. Кішкентай кезінде бесіктен шыққаннан кейін аяғын бауырына жинап алатын. Кейін 3 жасында балабақшаға барып жүрген уақытта шпагатқа еркін отырды. 7 жасқа келген уақытта «Маңғыстау» телеарнасынан «Баланың бәрі талантты» атты конкурс болды. Соған қатысып, алғыс хат алды. Көп адам түсірілімнен кейін сұрап жатты ауырмай ма деп. Сол мақсатта біз Азаматтың өнері үйде қалып қоймас үшін конкурстарға қатыстық.
Ақтаулық өрен мектеп бітірген соң қазақстандық рекордтар кітабына екі мәрте есімі енген цирк өнерінің хас шебері, акробат Айдос Тоқтарбаевтың ізін жалғастыруды қалайды. «Жігітке жеті өнердің аздығын» да ерте жастан түсініп, домбыра тартуды үйреніп жүр. Қазір Абыл Тарақұлы атындағы өнер мектебінде балалар оркестрінің мүшесі.
Азамат Нұрқожа, оқушы:
- Оркестр мүшесі ретінде де жүре беріп, үлкен жетістіктерге жеткім келеді. Айдос Тоқтарбаевтың трюктерін қайталап, істеп көрдім. Кейбір трюктері қиын болды, кейбіреуі оңай болды. Сол сияқты түрлі конкурстарға шығып, жоғары биіктерде жүргім келеді. Гиннесстің рекордына енген адам. Конкурстарға шығуды бастадым.
Күйші әрі «буынсыз бала» Азаматтың қолы жеткен жүлде қоры
қомақты. Ол 2 жыл бұрын республикалық «Қазақстан таланттары» байқауында
дипломант атанды. Содан кейін халықаралық «Бала шабыты» байқауында «Аспапта
ойнау өнері» номинациясы бойынша жүлделі II-орынды иеленіп, «Звезда удачи» атты
жаһандық сайыста 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




