29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Астанада «Ассамблея-2017 аруы» анықталды

26 маусым 2017 Қаралым: 2 771 Мәдениет
Астанада «Ассамблея-2017 аруы» анықталды

Алматы. 26 маусым. Ақпараттар орталығы. Астанада «Мисс Ассамблея - 2017» сұлулық байқауы өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің сайтына сілтеме  жасаған Kazpravda.kz.
Сұлулық байқауына этно-мәдени бірлестіктердің 7 өкілі қатысты.
«Мисс Ассамблея - 2017» байқауының қатысушылары алдымен өздерін таныстырды. Үміткерлер арман-мақсаттары, қызығушылықтары туралы айтып өтті. Шығармашылықтарын ортаға салып, сұхбат берді, жеке өз стильдерімен таныстырды. Бұл қатысушылар өнерлерінің бір бөлігі. Себебі әр ару өздерін кәсіби маман ретінде қазылар алқасы мен көрермендерді таңғалдырды, дейді ұйымдастырушылар.

«Мисс Ассамблея - 2017» байқауының қорытындысы бойынша, Астана қаласының корейлер этно-мәдени бірлестігінің өкілі Анастасия Жмаева – Ким жеңімпаз атанды. «Вице - Мисс Ассамблея - 2017» «Радима» белорус орталығының өкілі Ирина Бондарьға бұйырды, «Көрермендер көзайымы» «Оберег» украин қоғамдастығының өкілі Екатерина Захарчукке берілді.

Шара мақсаты – қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін таныту, өскелең ұрпақ бойына заманауи әдеп пен адамгершілік қасиеттерді дарыту, әртүрлі этностың бай мәдениетімен, дәстүрімен таныстыру, жас ұрпақтың шығармашылық дарынын дамыту.

Дереккөз: Казахстанская правда

Тағы оқыңыз