29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Астанада кунг-фу жауынгерлерінің бірегей шоуы өтеді

25 шілде 2017 Қаралым: 2 607 Мәдениет
astana.gov.kz
Фото: astana.gov.kz

Алматы. 25 шілде. Ақпараттар орталығы. Тамыздың 11-і мен 13-і аралығында Астанаға кунг-фу жауынгерлері келеді, деп хабарлады елорданың мәдениет және құжаттама басқармасынан. Хабарда айтылғандай, олар көрермендер назарына Kungfu revelations. 9 Scrolls (кунг-фу сыры) қойылымын ұсынады.

Шоу барысында артистизм элементтерімен аралас дәстүрлі қытайлық жекпе-жектер көрсетіледі. Бұл ежелгі қоян-қолтық ұрыстың мүлдем жаңа бір түрі. Баурап аларлық қойылым көрермендерді дәстүрлі Қытай мәдениетімен таныстырады. Жауынгерлердің айқын әрі үйлестірілген айла-әрекеттері медитативті практикалармен үйлесімділікте жақсы энергетика мен тыныштық сезімін тудырады.

Шоуды ұйымдастырушылардың айтуынша, Kungfu revelations – жанға жайлы жақсы терапия әрі демалыс болып табылады, өйткені шоуға қатысушылардың іс-әрекеттерін бақылаған кезде адамның денесі босаңсып, ол өзінің жаны мен тәнінің жаңа қырларын тани бастайды.

Бұл шоудың әлемде аналогы жоқ. Kungfu revelations – Шанхайда өткен “ЭКСПО-2010” көрмесінің визит картасы болған және төрткүл дүниеде кеңінен танымал.

Шоу «Астана» концерт залында өтеді. Билеттердің кұны 700 теңгеден 2000 теңгеге дейін. Билеттерді www.koncertyastany.kz сайтынан сатып алуға болады.


Дереккөз: Официальный сайт Астаны

Тағы оқыңыз