• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Ата-анамыз Қазақстанға жер аударылғандары үшін риза болды – кәріс ұлтының өкілдері

Фото:Хабар 24

Алматы. 1 наурыз. Ақпараттар орталығы  -  «Алғыс айту» күніне орай Алматы облысындағы түрлі ұлт өкілі «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне барып тағзым етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жер аударылып, қиын жағдайда қолдау көрсеткен қазақ ұлтына деген құрметін білдірді.

Шыңғыс Қалиден, тілші: - Қиыр шығыстан Жетісуға күштеп көшірілген кәріс ұлтының өкілдері дәл осы Бастөбенің бөктеріне қоныстанған екен. Сол себепті 2012 жылы тарихи орынға «Қазақ халқына мың алғыс» монументі тұрғызылды. Көркемдік композициясы ерекше ескерткіштің шаңырақ пен уығы ынтымақ пен бірлікті дәріптеп тұр. Алғыс айту күніне орай мұнда жылдағыдай қарақұрым халық жиналды. Көпшілік қиын қыстау кезеңді ой елегінен өткізіп, өткенге тағзым етті.

Тарихқа көз жүгіртсек, 1937-1938 жылдары Жетісу өлкесіне 100 мыңнан аса кәріс ұлтының өкілі жер аударылған екен. Атажұртынан ажырап, жат жерге қоныстанғандарға жергілікті халық барынша қамқорлық жасаған. Бір үзім нанымен бөлісіп, баспанасын паналатқаны да белгілі. Зобалаң жылдардағы жағдай «Жерұйық» деп аталатын кинокартинаға арқау болды. Шынайы оқиғаға негізделген тарихи туындының бір бөлігі осы аймақта түсірілді.

Валерий Ан, «Ноендан» ақсақалдар кеңесінің төрағасы: – Жер аударылып көшірілгенде, менің әкем он жаста болыпты. Оларды тауар таситын вагондармен жеткізген. Алғашқыда жеркепе қазып тұрыпты. Сол кезде оларға қазақ халқы көмек көрсетіп, барымен бөлісті. Кішкентай балаларды өз үйлеріне әкетіп бақты. Сөйтіп кәріс диаспорасын аман алып қалды.

Флора Тё, Қаратал ауданының тұрғыны: - Біздің ата-анамыз Қазақстанға көшірілгені үшін тағдырына өте риза болды. Өйткені барлығы тірі қалды. Сол үшін қазақ халқына алғыс айтамыз.

Шыңғыс Қалиден, тілші: - Жалпы, зұлмат жылдары Жетісу жеріне 1 млн-нан аса адам күштеп қоныс аударылды. Бүгінде олар бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай ынтымақ бірлікте ғұмыр кешіп келеді.

Источник: Хабар 24

ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в

ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля

ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО

ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью

ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте

ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии

ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение

ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области

ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков

ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше

ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих

ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения

ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре

ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в

ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте

ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»

ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля

ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта

ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске

ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино

ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице

ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию

ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования

ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду

ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий

ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области

ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО

ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»

ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве

ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе