• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Атырау облысында карантиндік шектеулер өзгерді

Алматы. 16 қазан. Ақпараттар орталығы - Атырау облысында карантиндік шектеулерге байланысты жаңа қаулы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау облысының аумағында 2020 жылғы 16 қазан сағат 00:00-ден бастап COVID-19 - дың эпидемиологиялық ахуалы тұрақтанғанға дейін шектеу шаралары ұзартылсын», - делінген облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Асылбек Шаровтың қаулысында. Сондай-ақ облыс аумағында:

1) көрме, форум, конференция, сондай-ақ отбасылық, еске алу (банкет, той, мерейтой, садақа), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де шаралардың өткізілуіне, думанды, ауқымды спорттық шараларға тыйым салынады;

2) ойын-сауық орталықтарының (караоке, бильярд, компьютерлік клуб, түнгі клубтар, боулинг орталықтар, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары бар аттракциондар, батуттар және басқалары), фудкорт, банкет залдары, букмекерлік кеңселердің, кинотеатрлардың (күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда ашық ауадағы кинотеатрларды қоспағанда) қызметіне тыйым салынады;

3) қоғамдық жағажайлардың, аквапарктердің, аттракциондардың қызметіне тыйым салынады;

4) саяхаттық катерлер (өзен трамвайы) қызметіне рұқсат жоқ; Осы Қаулыға сәйкес сондай-ақ: 1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, қорықтардың, резеварттар және басқалардың қызметін қайта бастауға (жеке және 15 адамнан аспайтын ұйымдастырылған топтар үшін, кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, медициналық бетперде кию арқылы) рұқсат берілді; 2) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қалааралық, ауданаралық және қала маңындағы жолаушылар автобус тасымалына рұқсат беріледі; 3) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді және шахматтық отырғызу тәртібі бойынша әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, үзіліс кезінде ғимараттарды желдету, медициналық бетперде кию арқылы жалпы сыйымдылығы 50%-дан аспайтын және 50 адамнан аспайтын мәдени нысандардың,театрлардың кітапханалардың, мұражайлардың қызметіне рұқсат етіледі; 4) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, діни объектілердің қызметіне (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) ұжымдық іс-шараларды өткізбей, жеке режимде рұқсат берілген;

5) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін жалпы сыйымдылығы 30% - дан аспайтын, бірақ 50 адамнан аспайтын бассейндердің қызметіне – рұқсат;

6) отыратын орындар санына сәйкес толтыру бойынша, қарбалас уақытта жүретін автобустар санының көбейтуімен, кондуктордың қатысуымен және дезинфекциялау құралдарымен өңдеумен және соңғы аялдамасында барлық есіктерді ашумен, қоғамдық көліктің жұмысын қайта бастауға рұқсат берілді;

7) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат 22:00-ге дейін бір адамға 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, жалпы толымдылығы сыйымдылығының 30% - нан аспайтын сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (бутиктердің), сауда желілерінің қызметіне рұқсат етілген;

8) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда 15 баладан аспайтын кезекші топтарын ұйымдастыра отырып, мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді;

9) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша 15 адамнан аспайтын тобы бар балалар түзету кабинеттерінің/орталықтарының, балалар мен ересектердің оқу орталықтарының, оңалту орталықтарының қызметіне рұқсат берілген;

10) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша бір адамға кемінде 4 ш.м. есебінен СПА-орталықтардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызметтеркөрсететін орталықтар мен салондардың, маникюр және педикюр қызметтеріне - рұқсат;

11) сағат 22-00-ге дейін жаттығу залдарының, фитнес орталықтарының, спорт секцияларының, спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметіне рұқсат етілсін; 16) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір адамға 4 ш. м. дейін қоғамдық моншалар, сауналар қызметіне сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін рұқсат берілген;

12) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат сағат 20-00-ге дейін жалпы сыйымдылығы 30% - нан аспайтын, 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмыс істеуіне рұқсат етілген;

13) мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік секторлардың, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ қызметтері рұқсат етілген кәсіпкерлік субъектілердің қызметіне әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рұқсат берілді. Штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болған жағдайда қызметкерлердің кемінде 50% қашықтан жұмыс режиміне ауыстырылады;

14) меншік нысанына қарамастан, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимнің аймақтарға бөлу талаптарын сақтай отырып, алдын-ала тіркелу арқылы медициналық ұйымдардың қызметіне рұқсат берілген;

15) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, тұрғын үй қызметтерін (қонақ үйлер) ұсыну саласындағы объектілер жұмысын жалғастырады;

16) бір мезгілде жабық ғимараттарда 30 адамнан аспайтын, ашық алаңдарда 50 адамнан аспайтын, кемінде2 метрәлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір отбасы мүшелерін қоспағанда, бір үстелге 4 адамнан аспайтын адам санына отыруға рұқсат етіп, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (кафелер, мейрамханалар және басқалар) қызметіне сағат 08:00-дан 22:00-ге дейін рұқсат беріледі;

17) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат 22.00-ге дейін автомобиль жуу, автомобиль жөндеу, шиномонтаж жұмыстарына және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету қызметіне – рұқсат;

18) күшейтілген дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ХҚКО (оның ішінде мамандандырылған ХҚКО) жұмысын портал арқылы алдын ала брондау бойынша ұйымдастыруға рұқсат берілген Egov.kz, жеделхат-бот EgovKZBBot 2.0 жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, CaII-орталықтарының жұмысы сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, мамандандырылған ХҚКО демалыс күндері сенбі күні сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, жексенбі күні сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін, жұмысына рұқсат етілген;

19) медициналық немесе мата бетперделерін (бес жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) киіп, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып, бір отбасы мүшелерін қоспағанда, азаматтардың 3 адамнан аспайтын топпен жүруіне рұқсат берілді;

20) ашық ауада 10 адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығуларға, сондай-ақ Ұлттық құрама және Олимпиадалық резервке арналған спорттық жаттығулар мен жарыстарды көрерменсіз өткізуге, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға (30 адамнан аспайтын, байланыссыз термометрияны пайдалана отырып, спорт базаларында тұрғанда) рұқсат берілген;

21) сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып азық-түлік дүкендерінің (үйдің жанындағы азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер) қызметіне рұқсат етілген;

22) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, контингенті 5-тен 180 адамға дейінгі, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі мектептердің; мектепалды, 1-4 сыныптардың білім алушылары үшін ата-аналарының өтініші бойынша сыныптардың жиынтығы 15 баладан аспаған жағдайда білім беру ұйымдарындағы кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

Бұл ретте, демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндері: 1) азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда және ойын-сауық орталықтарының (бутиктер), сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметі тоқтайды; 2) азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлар жабық болады; Сондай-ақ Теңіз аумағына бұған дейін енгізілген карантин режимі сақталады.

Источник: ҚазАқпарат

ru Фальшивые банкноты на сумму свыше 80 млн тг. изъяли в

ru В систему выдачи бесплатных лекарств внесут изменения

ru В Шымкенте прокуратурой проверены вопросы водоснабжения населения

ru Токаев принял эксперта в области искусственного интеллекта Ли Кай-Фу

ru Какие документы нужны для регистрации мопеда

ru В Турксибском районе Алматы появилась новая досуговая зона

ru Глава государства принял председателя правления АО НК «КазМунайГаз»

ru В Алматы заработал первый снегоплавильный пункт мощностью до 1200 кубометров

ru 10,6 млн тонн зерна перевезено железнодорожным транспортом в 2024 году

ru Обязательный пенсионный взнос работодателя повышен до 2,5% c 1 января

ru В Шымкенте по акту надзора недобросовестные поставщики включены в Реестр

ru Автопарк скорой помощи Алматы пополнился 48 новыми машинами

ru 14 см снега за ночь выпало в Алматы

ru Инвестиции в туризм Казахстана выросли на 27,3% за 11 месяцев

ru В Казахстане сократили квоты на привлечение иностранной рабочей силы в

ru Коррупция в системе ДУИС: виновные приговорены к лишению свободы

ru Руководители РГП «Еңбек» изобличены в коррупции

ru Объем подушевого финансирования для организаций технического и профессионального образования увеличат

ru Дархан Сатыбалды назначен первым заместителем руководителя АП

ru Около 1 млрд тенге, похищенных в системе образования Туркестанской области,

ru На 20% вырастет зарплата отдельных категорий гражданских служащих в 2025

ru Осужден руководитель областного департамента экологии

ru Цены на сжиженный нефтяной газ сохранили в Казахстане

ru Официальное заявление АО «QazaqGaz Aimaq» о трагедии в г. Талдыкорган

ru Мужчина погиб, его жена и дети получили травмы при взрыве

ru Противоправная деятельность топ менеджеров строительной компании пресечена Департаментом АФМ по

ru На 14% выросли расходы бюджета на социально-трудовую сферу в 2025

ru Какие развязки и пробивки завершат в 2025 году в Алматы

ru Завершено расследование в отношении бывшего вице-министра культуры и спорта

ru Пилотный проект по учету расходов граждан при назначении АСП запускают