«Азаматтарға арналған үкімет» басшысы отставкаға кетті
Алматы. 19 қаңтар. Ақпараттар орталығы. «Азаматтарға арналған үкімет" мемкорпорациясының башысы Данияр Еренчинов қызметінен босатылды, деп хабарлады ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігіне сілтеме жасаған ҚазТАГ.
"18 қаңтарда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басқарма төрағасы өз өтініші бойынша мерзімінен бұрын өкілеттігін тапсырды. Мемлекеттік корпорацияның Директорлар кеңесі Данияр Қағазбекұлы Еренчиновтың отставкасын қабылдады", — делінген хабарда.
Мәтінде басқа мәліметтер жоқ.
Данияр Еренчинов аталмыш қызметті 2016 жылдың сәуірінен бастап атқарып келе жатыр еді.
Дереккөз: КазТАГ


