Гвардейцы задержали мужчину с холодным оружием в городе Конаев
Учащиеся 0-9 классов будут учиться в онлайн-формате в Астане
Пьяного мужчину со стартовым пистолетом задержали в ЗКО
Полиция изъяла более 43 кг марихуаны в Жамбылской области
Более 3 000 дорожных рабочих и около 2 000 единиц спецтехники убирают снег в Астане
Бизнес-ахуалды одан әрі жақсартудың шаралар кешені қабылданады – ҚР ҰЭМ
02 Сентября 2020
1134
Бизнес
Алматы. 2 қыркүйек. Ақпараттар орталығы - ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндама жасады, деп хабарлады Хабар24.
Мемлекет басшысы ел халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, өмір сүру сапасы мен деңгейін арттыру бойынша нақты міндеттер қойды. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі бес негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді: Кәсіпкерлікті дамыту; Салық-бюджет саясатын жетілдіру; Инвестицияларды ынталандыру; Теңгерімделген өңірлік даму; Мемлекеттік басқару; Кәсіпкерлікті дамыту Шағын және орта бизнеске қосымша көмек көрсету мақсатында шағын және орта бизнестің қазіргі кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау жүзеге асырылады, әрі түпкілікті жылдық мөлшерлемелері 6% дейін жеткізіледі. Субсидиялау төтенше жағдай жарияланған кезден бастап 12 ай мерзімді қамтиды. Бұл шара «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасының жаңа бағыты аясында іске асырылады. «Бизнес ахуалды одан әрі жақсарту бойынша шаралар кешені қабылданады. Оған тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру, тиісті комиссия құру арқылы барлық реттеушілік талапты қайта қарау және оларды азайту бойынша ұсыныстар әзірлеу кіреді. Кәсіпкерлік кодекске тиісті өзгерістер енгізу арқылы реттеушілік апелляция институтын енгізу бойынша шаралар қабылданады», - деп мәлімдеді Руслан Дәленов. Сондай-ақ қаржылай және қаржылай емес мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру жалғасады. Тұтастай алғанда бұл 2025 жылға қарай шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесін 35%-ға дейін, шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санын 4 миллион адамға дейін ұлғайту бойынша қойылған міндеттерге қол жеткізуге ықпал етеді. Салық-бюджет саясатын жетілдіру Бүгінгі күні Салық кодексінде 12 салық, 48 кіші салық түрі, 10 төлемақы және 6 алым көзделген. Тиісінше, салықтар мен төлемдер санын барынша азайту бойынша жұмыс жүргізіледі. Экономиканың аса көп зардап шеккен секторлары үшін баламалы негізде айналымнан бөлшек сауда салығын төлеу құқығын қолдану мәселесі зерделенеді. Сондай-ақ салық мөлшерлемелерін саралау мүмкідіктері қаралады. Бюджеттің түйінді коэффиценттері жиынтығы әзірленіп, бюджет саясатының тиімділігі мен тұрақтылығын бағалау енгізіледі. «Кеңейтілген бюджетті» енгізу шеңберінде шоғырландырылған бюджетке бюджеттен тыс қорларды қосу арқылы мемлекеттік қаржыны кешенді бағалау енгізіледі. Инвестицияларды ынталандыру Инвестициялық жобаларды іске асырудың барлық мерзіміне заңнамалық талаптардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Стратегиялық инвестициялық келісімдер енгізіледі. Осы мақсатта Кәсіпкерлік және Салық кодекстеріне, сондай-ақ «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» заңға түзетулер қарастырылады. Стратегиялық инвестициялық жобалар пулы қалыптастырылады. Барлық жоба Инвестицияларды тарту жөніндегі үйлестіру кеңесінде қаралады. Жобалардың іске асырылу тиімділігін арттыру үшін әрбір ірі инвесторды жеке тәсілмен қамтамасыз ету болжанады. Инвестициялық жобаларды іске асыру процесінде заманауи инфрақұрылымды, ағылшын заңнамасын және жеңілдетілген салық және көші-қон режимін ұсынатын «Астана» халықаралық қаржы орталығының әлеуеті белсенді пайдаланылады. Теңгерімделген өңірлік даму Еліміздің өңірлік дамуына әрбір нақты өңірдің бәсекелестік артықшылығын көрсету жөніндегі шараларды қамтитын жаңа тәсілдер әзірленеді. Бұл үшін 2030 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамудың болжамды схемасына тиісті өзгерістер енгізіледі. Ауылдардағы өзекті инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге бағытталған «Ауыл ел бесігі» жобасын белсенді іске асыру жалғасады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру шеңберінде ауыл округтері бюджетінің қаржылық мүмкіндіктері кеңейтіледі (салықтар мен төлемдердің төрт түрі беріледі). Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл Тұжырымдама шеңберінде ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу, жергілікті мемлекеттік басқарудың мүліктік құқықтарын және мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту бойынша ұсыныстар дайындалады. Мемлекеттік басқару Мемлекеттік аппаратты және квазимемлекеттік сектор жұмыскерлерін қысқарту шеңберінде 2020 жылы олардың саны 10%, келесі жылы тағы 15% қысқарады. Кәсіпкерлікті қолдау шеңберінде мемлекет пен квазимемлекеттік сектордағы жылжымайтын мүлік объектілері бойынша шағын және орта бизнес үшін жалдау төлемақысын есептеу жыл соңына дейін тоқтатылады. Экономиканы одан әрі мемлекет иелігінен шығару үшін 2025 жылға дейін жекешелендірудің жаңа жоспары қабылданады.ru 240 млрд тенге будет выделено на геологоразведку
ru 570 тыс. казахстанцев прошли обучение на платформе Skills Enbek в
ru Гвардейцы задержали мужчину с холодным оружием в городе Конаев
ru До 30 тыс. туристов в день: Алматинский горный кластер усилит
ru В 2025 году в Казахстане построено 162 школы
ru Учащиеся 0-9 классов будут учиться в онлайн-формате в Астане
ru Стратегия увеличения посевов высокомаржинальных культур продолжится в 2026 году в
ru Пьяного мужчину со стартовым пистолетом задержали в ЗКО
ru С 1 января 2026 года пенсионные выплаты из ЕНПФ освобождены
ru В области Абай продолжится системная работа по улучшению качества дорог
ru Более 276 тыс. человек получили госуслуги благодаря ЦКС в 2025
ru Лимоны будут выращивать в Алматинской области
ru Филиал ОАО «РЖД» привлечён к ответственности за монопольно высокие цены
ru Полиция изъяла более 43 кг марихуаны в Жамбылской области
ru Министр обороны проинспектировал военные объекты в Кызылординской области
ru Более 595 тыс. услуг получили лица с инвалидностью через Портал
ru Более 3 000 дорожных рабочих и около 2 000 единиц
ru Поставщики поливной воды, нарушившие права потребителей, оштрафованы на 17,8 млн
ru Стабильное водоснабжение получили 18 тысяч жителей Темиртау
ru Более 113 тыс. заявок на установление инвалидности рассмотрены в заочном
ru Перевозки зерна по сети КТЖ выросли на 30% в 2025
ru О мерах по борьбе с организованной преступностью в 2025 году
ru Более двух миллионов кубометров снега вывезли из Астаны с начала
ru Из Турции возвращена подозреваемая в мошенничестве под предлогом приобретения ювелирных
ru На крышах учебных корпусов КазНУ установлены солнечные панели
ru О результатах деятельности по противодействию коррупции в 2025 году сообщили
ru Пенсионные выплаты из ЕНПФ вырастут на 5 процентов
ru Задержан иностранный гражданин за незаконный оборот наркотиков в Алматы
ru Пирамида «HAS»: расследование продолжается
ru Почти 60 тыс. тонн готовой рыбной продукции произведено за 11

+77772555856
Написать нам




