Бизнес-ахуалды одан әрі жақсартудың шаралар кешені қабылданады – ҚР ҰЭМ
02 Сентября 2020
1106
Бизнес
Алматы. 2 қыркүйек. Ақпараттар орталығы - ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндама жасады, деп хабарлады Хабар24.
Мемлекет басшысы ел халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, өмір сүру сапасы мен деңгейін арттыру бойынша нақты міндеттер қойды. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі бес негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді: Кәсіпкерлікті дамыту; Салық-бюджет саясатын жетілдіру; Инвестицияларды ынталандыру; Теңгерімделген өңірлік даму; Мемлекеттік басқару; Кәсіпкерлікті дамыту Шағын және орта бизнеске қосымша көмек көрсету мақсатында шағын және орта бизнестің қазіргі кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау жүзеге асырылады, әрі түпкілікті жылдық мөлшерлемелері 6% дейін жеткізіледі. Субсидиялау төтенше жағдай жарияланған кезден бастап 12 ай мерзімді қамтиды. Бұл шара «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасының жаңа бағыты аясында іске асырылады. «Бизнес ахуалды одан әрі жақсарту бойынша шаралар кешені қабылданады. Оған тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру, тиісті комиссия құру арқылы барлық реттеушілік талапты қайта қарау және оларды азайту бойынша ұсыныстар әзірлеу кіреді. Кәсіпкерлік кодекске тиісті өзгерістер енгізу арқылы реттеушілік апелляция институтын енгізу бойынша шаралар қабылданады», - деп мәлімдеді Руслан Дәленов. Сондай-ақ қаржылай және қаржылай емес мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру жалғасады. Тұтастай алғанда бұл 2025 жылға қарай шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесін 35%-ға дейін, шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санын 4 миллион адамға дейін ұлғайту бойынша қойылған міндеттерге қол жеткізуге ықпал етеді. Салық-бюджет саясатын жетілдіру Бүгінгі күні Салық кодексінде 12 салық, 48 кіші салық түрі, 10 төлемақы және 6 алым көзделген. Тиісінше, салықтар мен төлемдер санын барынша азайту бойынша жұмыс жүргізіледі. Экономиканың аса көп зардап шеккен секторлары үшін баламалы негізде айналымнан бөлшек сауда салығын төлеу құқығын қолдану мәселесі зерделенеді. Сондай-ақ салық мөлшерлемелерін саралау мүмкідіктері қаралады. Бюджеттің түйінді коэффиценттері жиынтығы әзірленіп, бюджет саясатының тиімділігі мен тұрақтылығын бағалау енгізіледі. «Кеңейтілген бюджетті» енгізу шеңберінде шоғырландырылған бюджетке бюджеттен тыс қорларды қосу арқылы мемлекеттік қаржыны кешенді бағалау енгізіледі. Инвестицияларды ынталандыру Инвестициялық жобаларды іске асырудың барлық мерзіміне заңнамалық талаптардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Стратегиялық инвестициялық келісімдер енгізіледі. Осы мақсатта Кәсіпкерлік және Салық кодекстеріне, сондай-ақ «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» заңға түзетулер қарастырылады. Стратегиялық инвестициялық жобалар пулы қалыптастырылады. Барлық жоба Инвестицияларды тарту жөніндегі үйлестіру кеңесінде қаралады. Жобалардың іске асырылу тиімділігін арттыру үшін әрбір ірі инвесторды жеке тәсілмен қамтамасыз ету болжанады. Инвестициялық жобаларды іске асыру процесінде заманауи инфрақұрылымды, ағылшын заңнамасын және жеңілдетілген салық және көші-қон режимін ұсынатын «Астана» халықаралық қаржы орталығының әлеуеті белсенді пайдаланылады. Теңгерімделген өңірлік даму Еліміздің өңірлік дамуына әрбір нақты өңірдің бәсекелестік артықшылығын көрсету жөніндегі шараларды қамтитын жаңа тәсілдер әзірленеді. Бұл үшін 2030 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамудың болжамды схемасына тиісті өзгерістер енгізіледі. Ауылдардағы өзекті инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге бағытталған «Ауыл ел бесігі» жобасын белсенді іске асыру жалғасады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру шеңберінде ауыл округтері бюджетінің қаржылық мүмкіндіктері кеңейтіледі (салықтар мен төлемдердің төрт түрі беріледі). Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл Тұжырымдама шеңберінде ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу, жергілікті мемлекеттік басқарудың мүліктік құқықтарын және мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту бойынша ұсыныстар дайындалады. Мемлекеттік басқару Мемлекеттік аппаратты және квазимемлекеттік сектор жұмыскерлерін қысқарту шеңберінде 2020 жылы олардың саны 10%, келесі жылы тағы 15% қысқарады. Кәсіпкерлікті қолдау шеңберінде мемлекет пен квазимемлекеттік сектордағы жылжымайтын мүлік объектілері бойынша шағын және орта бизнес үшін жалдау төлемақысын есептеу жыл соңына дейін тоқтатылады. Экономиканы одан әрі мемлекет иелігінен шығару үшін 2025 жылға дейін жекешелендірудің жаңа жоспары қабылданады.ru Усилены механизмы защиты детей, оставшихся без попечения родителей
ru Казахстан и Австрия прорабатывают новые направления индустриального сотрудничества
ru Частные школы Казахстана получили около 19 млрд тенге – Минфин
ru Меры защиты и безопасности содержащихся под стражей граждан обсудили в
ru В Туркестанской области пересмотрены лимиты посева влагоемких культур
ru Глава государства направил телеграмму поздравления Королю Таиланда
ru Мажилис принял во втором чтении Цифровой кодекс и пакет сопутствующих
ru В Жетысуском районе Алматы пресекли незаконную работу «коптящих» шашлычных
ru Глава государства поздравил чемпиона мира по таеквондо Бейбарыса Каблана
ru Разработана игра, обучающая казахскому языку
ru Инвестиции в туризм в Атырауской области выросли в два раза
ru Землетрясение произошло в Алматы
ru Цифровой путевой лист – новая система, отвечающая ритму мегаполиса
ru С начала года за вандализм в столице наказано около 3
ru “Умные” дроны патрулируют ночной Шымкент
ru Фонд ОПЕК инвестировал свыше $1,4 млрд в страны Центральной Азии
ru В Караганде домофоны помогут полиции выявлять преступников
ru Мнения казахстанцев будут учтены при отборе кандидатов на судейские должности
ru Глава государства провел совещание по развитию региональных грузовых авиахабов
ru Военнослужащие призыва «Осень-2024» получили более тысячи образовательных грантов
ru Объемы закупа казахстанских лекарств выросли до 170 млрд тенге
ru В области Абай оштрафованы 9 предпринимателей за обман потребителей
ru В Кендирли в Мангистауской области продолжается строительство нового аэропорта
ru Факт интернет-мошенничества с VIP SIM-картами раскрыт в столице
ru Глава государства принял председателя правления АО «Самрук-Казына» Нурлана Жакупова
ru В Исламабаде обсудили итоги 8-го Съезда лидеров мировых и традиционных
ru МВД усилило контроль за законным оборотом прекурсоров
ru АФМ в Астане расследует хищения при продаже недвижимости в ЖК
ru В Павлодаре 19 должностных лиц привлечены к административной ответственности за
ru Увеличится количество мест отдыха в Кызылординской области

+77772555856
Написать нам




