• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

БҚО-да ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 1 млрд астам теңге бөлінді

Фото: ҚазАқпарат

Алматы. 4 наурыз. Ақпараттар орталығы  - Батыс Қазақстан облысында биыл ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 1 млрд 065 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

БҚО ветеринария басқармасының басшысы Серік Нұрмағанбетовтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлім еткеніндей, соның ішінде эпизоотиялық іс- шараларға 878,5 млн теңге, санитарлық союды ұйымдастыруға 57,4 млн, бұралқы ит-мысықты аулау мен биозарарсыздандыруға 63,1 млн, мал иелеріне өтемақы төлеуге 15,3 млн, энзоотиялық іс-шараларға 24,2 млн, бірдейлендіру дерекқорын техникалық сүйемелдеуге 19,8 млн, ветеринариялық препараттарды тасымалдауға 7 млн теңге қарастырылды. Серік Базарұлының сөзіне қарағанда, эпизоотияға қарсы ветеринариялық іс-шаралар аясында малдың аса қауіпті 11 ауруына қарсы 5,9 млн, бруцеллез дертіне диагностикалық зерттеулер жүргізуге 2,2 млн манипуляция жасау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда малдың аса қауіпті ауруларының алдын алу үшін ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті тарапынан 2,8 млн доза көлемінде ветеринариялық препараттар бөлінді. Биыл малдың энзоотиялық ауруларына қарсы (ірі қараның гиподерматорзы) 136,5 мың бас ірі қараны вакцинациялау көзделуде.

«Жыл басынан бері жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының жеті (4 құтыру, 3 қарасан) ошағы тіркелді. Барлық ошақта тиісті ветеринариялық іс-шаралар толықтай атқарылды. Аса қауіпті аурулар бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты. Сол секілді күні бүгінге дейін 32,2 мың бас ірі қара (112 пайыз) бруцеллезге зерттеліп, соның 362 басы оң нәтиже көрсетті, яғни шалдығу көрсеткіші – 1,1 пайыз. Барлық санитарлық мал уақтылы союға тапсырылуда. Қазіргі таңда өткен жылдан келе жатырған ірі қара бруцеллезінен қолайсыз 8, сондай-ақ ұсақ мал бруцеллезі шыққан 1 елді мекенде сауықтыру жұмыстары жүргізілуде», деді С.Нұрмағанбетов.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру аясында 2021 жылы 231 мың бас ірі қара, 674,4 мың бас қой-ешкі, 508 бас түйе, 17 мың бас шошқаны бірдейлендіріп, 48 мың бас жылқыны таңбалау жоспарланып отыр. Күні бүгінге 49 мың бас ірі қара (100 пайыз), 36 мың бас қой-ешкі (100 пайыз), 142 бас түйе (100 пайыз), 5 мың бас шошқа (100 пайыз) бірдейлендіріліп, 3 мың бас жылқы (100 пайыз) таңбаланды.


 

 

Источник: ҚазАқпарат

ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в

ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля

ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО

ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью

ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте

ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии

ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение

ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области

ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков

ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше

ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих

ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения

ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре

ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в

ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте

ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»

ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля

ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта

ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске

ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино

ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице

ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию

ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования

ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду

ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий

ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области

ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО

ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»

ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве

ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе