Бурабайда 31 арнамен бірге әзіл мерекесі
29 Июня 2016
1948
Бупабай
Бүкілқазақстандық «Бурабай Әзіл-Фест» әзіл-сықақ фестивалінің алғашқы кезеңі былтыр «Rixos Borovoe» отелінің сахнасында өткен болатын. Биыл да қатысушы командалар жылдағы дәстүр бойынша «Үздік стендапер», «Үздік қойылымдар театры», «Үздік импровизация», «Үздік пародия», «Үздік музыкалық номер» сынды бес номинация бойынша таласқа түседі. Әр ұжымға байқау бағдарламасын ұсынуға 10 минут уақыт беріледі.
Байқауға қатысушыларға баға беретін әділ қазылар алқасының құрамында Жайдарман» Қазақстан КВН Лигасының президенті Есен Елеукен, белгілі сықақшы Асылбек Боранбай, ақын-айтыскер Айнұр Тұрсынбаева, сондай-ақ, әрине, 31 арнаның көрермендері бар. Күлкі мен думанға толы мереке күзде 31 арна эфирінен трансляцияланады.
Мерекенің жүргізушілері – Алмат Сақатов және Диана Тілеубергенова, Жеңіс Ысқақова және Абай Аязбаев.
Былтыр қыркүйек айында 31 арнадан ұсынылған алғашқы «Бурабай Әзіл-Фест» фестивалі эфирде жоғары көрсеткішке ие болған: барлық шығарылымдар қорытындысы бойынша үлесі 13%-ды құраса, ең алғашқы шығарылымдарының үлесі одан да жоғары, яғни 22-25%-ға жетті.
Көрермендердің жаңа тележобаға деген ықыласынан шабыт алған 31 арна фестивальді ары қарай қысқы ойындармен жалғастырды. Ол биыл ақпан айында көрерменге жол тартқан болатын.
«Кастинг жарияланды, ең үздік командалар іріктеліп, оларға Бурабайдағы жазғы ойындарға жолдама берілді, - дейді 31 арнаның атқарушы продюсері Әсел Тоянова. – Оған әзілдің майын ішіп, жілігін шаққандар да, аты танылып үлгерген командалар да, жас әзілкештер де қатысады. Көркемдік жетекшілеріміз әрбір театрмен, байқауға қатысушымен жеке жұмыс істеп, сапалы дүние ұсыну үшін талмай еңбек етті».
Есен Елеукеннің айтуынша, «Бурабай Әзіл Фест» байқауы – еліміздегі әзілкештердің басын біріктіріп, тәжірибе алмасуға көптен бері жетіспей жүрген ортақ алаң. «Қазақ сатирасының ыстығына төзіп, суығына тоңып, әбден шыңдалған белгілі сықақшылар жастарға өз тәжірибесін мысал етсе, жастар жаңа заманға лайық өз идеяларын ортаға салды. Бұл - дәл қазіргі сәтте ең керек нәрсе еді», - дейді мэтр.
«Фестиваль жас театрлар үшін таланттарын паш етуге таптырмас мүмкіндік берді, - дейді танымал әзілкеш Нұрдәулет Шертім. - Алаңда тәжірибе алмасу оларды алға жетелейді, дамытады. Әлі қалыптасып үлгермеген жас әзілкештер сабақ үйренсе, мықты театрлар одан сайын нығайып, рейтинг жинады. Сөйте-сөйте жұлдыз болады».
Жобаның бас серіктесі – Rixos Borovoe отелі.
Отыз бірінші арна – таңғалдыратын, шабыт пен мейірім сыйлайтын, қызықты, қауіпсіз, бүкіл отбасына арналған ұлттық ойын-сауық арнасы. Арнаның ұраны – «Отбасымен бірге көрейік!».
Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




