Жалған банкноттарды қалай анықтауға болады
21 Мая 2021
1876
Финансы
Фото:ҚазАқпарат
Алматы. 21 мамыр. Ақпараттар орталығы - Биылқолдан жасалған 237 ақша белгісін анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2021 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банктер 760 950 теңгеге қолдан жасалған 237 ақша белгісін (236 банкнот және 1 монета) анықтады. Өткен жылмен салыстырсақ, былтыр осы кезеңде қолдан жасалған 226 банкнот табылған болатын. Жалпы көлемнен алып қарағанда, осы жылдың бірінші тоқсанында қолдан көп жасалған ақшалар – номиналы 2 000 және 5 000 теңгелік банкноттар болды – 65% және 23%, басқа банкноттар мен монеталардың үлесі – 12%. Жалған банкноттардың көп бөлігі – Алматыда (169), аз бөлігі – Қызылорда (2) мен Жамбыл облыстарында (2) анықталды. Банкноттың түп нұсқасын жалған ақшадан ажырату үшін оның бірнеше белгісін білу жеткілікті. Елдегі жалған банкноттардың негізгі бөлігі жеңіл технологиямен жасалады, олар түпнұсқадағы негізгі белгілерді тек имитациялаумен ғана шектеледі. Яғни, арнайы жабдықсыз-ақ жалған банкноттарды қолмен ұстап, мұқият қарап та анықтауға болады. Түпнұсқа банкноттың бірнеше айрықша белгісі бар. Біріншіден, ол өзіне тән ерекше шытырлайды, екіншіден – арнайы рельефі бар. Сонымен қатар барлық банкнотта көру қабілеті нашар адамдар үшін саусақ ұшымен ажыратуға болатын белгілер бар. 1000, 2000, 5000, 10000 және 20000 теңгелік банкноттарда түс өзгертетін бояумен жағылған бейнелер бар. Көлбеу бұрышын өзгерткен кезде өрнек түсі жасылдан алтынға өзгереді. Сонымен бірге жарыққа тосып қараған кезде жазуы бар тұтас жіп ретінде анық көрінетін, жазуы бар пунктир түріндегі тұтас магнитті және үзік-үзік жіпке назар аударған жөн. Банкноттардың осы бір ерекшеліктері арнайы жабдықты пайдаланбай-ақ түпнұсқаны лезде көзбен қарап, тексеріп шығуға мүмкіндік береді.
ru Двух мужчин арестовали в Шымкенте за навязчивое преследование женщин
ru Глава МИД Казахстана принял Посла Турции
ru В Караганде пройдёт выставка картин, которые можно увидеть в темноте
ru Более 56,5 млрд тенге получили многодетные семьи и награжденные матери
ru О повышении зарплат и снижении финансовой нагрузки для граждан доложил
ru Олжас Бектенов доложил Президенту о реализации поручений по укреплению экономики
ru Весенний призыв: мифы и правда
ru Министр обороны Казахстана встретился с Послом Китая
ru Электросамокаты признаются транспортом: предстоящие изменения были обсуждены в Алматы
ru В Караганде отметят Международный день дарения книг
ru Более 138 тыс. человек оказана адресная социальная помощь на 1
ru По направлению «Астана – Талдыкорган» запускается новый железнодорожный маршрут
ru Назначен зав.отделом внутренней политики Администрации президента
ru КНБ и МВД пресекли деятельность ОПГ в 8 регионах страны
ru ИИ и дроны используют для обследования энергообъектов в Казахстане
ru Работы по очистке около 110 км русел рек проводятся в
ru Казахстан произвел 889 тыс. тонн растительного масла в 2025 году
ru В Астане учащиеся 0-9 классов второй смены обучаются дистанционно
ru Группа лиц осуждена за незаконное снятие ареста с имущества
ru Казахстан и Пакистан расширяют сотрудничество в сфере цифровых технологий и
ru Более 30 тысяч кубометров снега вывезли из Астаны за ночь
ru В рамках AI-Sana запущен ИИ-агент для профориентации школьников
ru АФМ завершило расследование дела блогеров Жанабылова и Толегеновой
ru В прошлом году в Туркестанской области высажено более 1 млн
ru Ерлан Утегенов назначен заместителем Генерального прокурора РК
ru В 2026 году в Казахстане на воинскую службу призовут более
ru Карагандинская область – четвёртая по вкладу в экономику Казахстана
ru В области Ұлытау раскрыта схема незаконной добычи марганцевой руды на
ru На вокзалах внедрена новая услуга сопровождения пассажиров с инвалидностью

+77772555856
Написать нам




