Жамбыл облысындағы ауылдарда мобильді байланыс мәселесі әлі күнге дейін шешілмеген
24 Февраля 2021
1202
Социум
Алматы. 24 ақпан. Ақпараттар орталығы - Қазір Тоғызтарау мен Жаңаөткел елді мекендері байланыс аясынан тыс жерде күн кешіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жұрт өркениеттен мақұрым қалғандарына наразы. Бұл ауылдық округте сымсыз желіден бөлек, ауызсу, өткел, жайылым да проблемаға айналған. 70 түтіні бар Жаңаөткел ауылында бірде-бір үйде ұялы байланыс жоқ. Тұрғындар телефонмен қоңырау шалу үшін әуре-сарсаңға түседі. Төбе біткеннің үстіне шығып, ашық жер іздейді. Оның өзінде байланыс бірде бар, бірде жоқ. Пайда бола қалса, сөйлесудің өзі мұң. Тоғызтарау ауылында да дәл осындай жағдай.
Сұлтан Тұңғышбаев, Жаңаөткел ауылының тұрғыны:
– Ең үлкен мәселе – байланыстың жоқтығы. Өзіміз хабарласпасақ, бізге ешкім хабарласа алмайды. Оның өзінде биік, ашық жерге шығып барып сөйлесеміз. Жасыратыны жоқ, кейде жедел-жәрдем шақыртудың өзіне қиналып қаламыз. Қариялар, балалар бар дегендей.
Анастас Новиковский wi-fi желісін қымбат болса да амалсыз орнатқан. Оның өзін әкімдік балаларды онлайн оқыту туралы шешім шыққаннан кейін тартып берді деп отыр. Ал тұрғын ұялы телефонын үнемі шатырдың үстіне қалдыруды әдетке айналдырған. Бұл байланыс аясында болудың жалғыз жолы.
Анастас Новиковский, Жаңаөткел ауылының тұрғыны:
– Ай сайын байланыс үшін тарифке сәйкес ақша төлеп отырмыз. Алайда байланыс сапасы нашар. Биік мұнара орнатып, бір ғана қондырғы қойса, мәселе шешілер еді. Бұл туралы әкімдікте жиын болған сайын көтереміз. Құлақ асып жатқан ешкім жоқ.
Елена Новиковская, Жаңаөткел ауылының тұрғыны:
– Бізге байланыс керек. Қазіргі уақытта онсыз отыру мүмкін емес. Байланысты үйдің іші түгілі далада іздеп жүріп әрең тауып аламыз. Мәселе шешіледі дегелі талай жыл болды. Сенуден қалдық. Қылқылдап сұрай-сұрай жалықтық. Әкімдік өкілдері Тоғызтарау ауылдық округіндегі жағдайға қанық. Тұрғындардың шағымын естіп, біліп отыр. Алайда жоспарлы кезек келмейінше, ауылдық ағайынға шыдай тұруға тура келетін сыңайлы.
Нұрлан Несіпбеков, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары:
– Бұрын Жуалы ауданына қараған Тоғызтарау, сосын біздің ауданға өтіп отыр. Біз кезең-кезеңімен қосып отырмыз. Келісімшартқа тұрғанбыз. Енді келесі кезекте Жаңаөткелде, Тоғызтарауда жүргізілетін болады. Бірінші тоқсанда бітетін шығар деп отырмыз. Елді мекендегі тағы бір өзекті мәселенің бірі – өткел. Ауыл жайылымының бір бөлігі теміржолдың арғы бетінде орналасқан. Ал мұнда мал айдап өтетін арнайы өткел жоқ. Бұрын жұрт төрт-түлікті өзен суы азайғанда көпірдің астымен өткізіп амалдайтын. Енді Аса өзенінің арнасы бұрылғалы су толып, көлік те, мал да өте алмайтын жағдайға жетті.
Нұрахан Асанов, Жаңаөткел ауылының тұрғыны:
– Жаңаөткел ешкімге керек емес. Жамбыл ауданының әкіміне де,
ауыл әкіміне де керегі жоқ. Өткелге жарымай отырмыз. Кеңес Үкіметі құлағалы
бері өткелді жоқ қылып жіберді. Қайда кетіп қалғанын таппай қалдық. Теміржолдың
үстімен жүргізсең, теміржолшылар айыппұл салады. Осы көктемде сиырды судың
астымен айдайды. Жергілікті тұрғындар қуыста қалған ауылда ешкімнің шаруасы жоқ
деп қапалы. Еститін құлақ болса, елді мекенде ауыз су, жайылым сияқты мәселелер
шаш етектен.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




