• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Жаңа жыл мерекесінде туризм саласы қалай жұмыс істейді?

Алматы. 25  желтоқсан. Ақпараттар орталығы - Ақмола облысының туризм нысандарына жаңажылдық мерекеде жұмыс істеуге рұқсат берілді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бірақ санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс.

Дамир Берікұлы, тілші:

– Көкшенің қысы қатты болса да, мұнда соған қарамастан кісі аяғы үзілген емес. Бурабай мен Зерендіні аңсағандар әсіресе демалыс күндері көптеп келеді. Ал карантин жағдайындағы жаңажылдық мерекеге деген туризм нысандарының дайындығы қалай, оны қазір бірге білеміз.

Санитарлық дәрігердің соңғы қаулысын әбден жаттап алған Ақбидай Жеңіс Зерендідегі демалыс кешендерінің бірінде жұмыс істейді. Айтуынша, жаңа жылға қазір дайындық қызу. Мереке күндері осында келіп демалуға ниет білдіргендер де көп екен. Бірақ талап бойынша нысанның толық қуатта кісі қабылдауына рұқсат жоқ.

Ақбидай Жеңіс, демалыс орнының әкімшісі:

 – 80 пайыз орын саналған және сол орындарды толтырып қойдық. Бағдарламалар, шоу-программалар жоқ. Тек қана табиғат аясында отбасымен демалуға мүмкіндік береміз. Корпоративтерге бізде шектеу қойылған. Корпоративтер өткізбейміз. Тек қана өздерін өздері демалтады, отбасыларымен ғана.

Сұраныс көп болған соң, баға да көтерілген. Мәселен, мереке күндері аймақтағы демалыс кешендерінде ең қарапайым екі адамдық бір бөлме тәулігіне кемінде 20 мың теңгеден басталады. Алайда оның өзін табу қиын. Қызмет көрсету құнының қымбаттауына бәсекелестіктің аздығы да сеп болып отыр. Себебі нысандардың біраз бөлігі тәуекелі көп болғандықтан, Жаңа жыл мерекесінде жұмыс істемейміз деп шешкен. Мәселен, Зерендінің өзінде осындай 10 шақты демалыс орны бүгінде жабық тұр. Ал облыстың бас санитар дәрігері халықты тыныш қана үйде отыруға үндейді.

Айнагүл Мусина, облыстың бас санитар дәрігері:

– Тұрғындарға айтарым, биыл эпидахуалды ескере отырып, осы жаңа жылды үйде қарсы алғандарыңыз жөн. Бұл – отбасылық мереке. Дәмханаға немесе басқа да көпшілік орындарға баруға кеңес бермеймін. Ал бизнес өкілдеріне айтарым, біздің мобильді топтар күндіз-түні жұмыс істеп, санитарлық талаптардың сақталуын қатаң қадағалайды.  Ал Бурабай мен Зерендіге және өңірдің басқа да көрікті жерлеріне демалуға келетін азаматтардан қазір ПТР анықтама талап етілмейді. Тек топ болып жиналып, той-думан өткізбесеңіз болды.

Источник: Хабар 24

ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в

ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля

ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО

ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью

ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте

ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии

ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение

ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области

ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков

ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше

ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих

ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения

ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре

ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в

ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте

ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»

ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля

ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта

ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске

ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино

ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице

ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию

ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования

ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду

ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий

ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области

ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО

ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»

ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве

ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе