• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Жазғы демалысты 31 арнамен бірге өткіз!  

31 арнаға жаз келді! Шуақты маусымдағы бағдарламалар жаныңызды күндей жадыратып, ерекше әсерге бөлуге уәде етеді! Әсіресе, сабақтан босаған кішкене бөбектерге ерекше көңіл бөлеміз. Алайда әкелер мен аналар да, аталар мен әжелер де біздің назартан тыс қалмайды. 

Жаз бойы дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 11.00 мен 13.00 аралығында 31 арна ертегілер патшалығына айналады. Балаларды өзіне баурап алатын ең үздік, ең қызықты деген мультфильмдерді жаныңыз қалағанша тамашалайсыз. Бүлдіршіндер жақсы көретін «Фиксиктер» де, «Аңғалақ батырлар және айдаһар» да – біздің арнада! 
 


«Фиксиктердегі» машиналар мен құрылғылардың ішінде өмір сүретін кішкентай адамдар  балаларға күнделікте өмірде қолданатын құрылғылардың қалай жұмыс істейтінін баяндап, қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертіп, ізгі істер жасауды үйретеді.  

«Аңғалақ батырлар және айдаһар» атты ерекше мульфильм де әлемге әйгілі. Онда Иккинг атты жас викинг пен оның айдаһарды қалай баулығаны туралы баяндалады. Бірақ ол айдаһарды баулып қана қоймай, «Тіссіз» деп аталатын жаңа досының үстіне отырып алып, ұшып жүріп саяхат жасайды да, өзі туған Аңғалақтар аралын толықтай зерттейді. Бір күні ол достарымен бірге әртүрлі айдаһарлар өмір сүретін жаңа жерді ашады. Оның ішінде үлкен де, кішкентай да, түрлі-түсті де, дене пішіні ерекше да айдаһарлар болады...      

31 арнаның ересек көрермендері үшін де жаз маусымы  жүрек тебірентер хикаяттарға толы! Көрермендердің көзайымына айналған түріктің «Махаббат пен жаза» телехикаясымен бірге (қазір дүйсенбі мен жұма аралығында 21.00-де жүріп жатыр)  Түркиядан тағы да шытырман, қызықты, мұңлы махаббат хикаяттары келіп жетті. Олар өздеріңізге етене тарыс «Әуе жер ғашық» телехикаясы мен «Черная любовь» атты жаңа телехикая. Олар Түркияның ғана емес, бүкіл әлемді таңдай қақтырып, миллиондаған көрерменнің махаббатына бөленіп үлгерген. 

Телехикая неге бұлай аталады? Аталмыш телехикаяның басты кейіпкері Кемал атты қарапайым жас жігіт Нихан атты сұлу қызға ғашық болады. Нихан байдың қызы. Сурет салумен айналысады. Бір күні шабыт іздеп қала көшелеріндегі автобусқа отырады да, тағдыр жазуымен Кемалға жолығады. Екі жас бір-бірін бір көргеннен ұнатып, сөз жарастырады. Алайда Ниханмен бала күннен бірге өскен Эмир атты жігіт ықпалды әкесінің көмегімен Ниханның отбасып қорқытып, бопсалап, оны өзіне тұрмысқа шығуға мәжбүр етеді. Махаббатта жолы болмай, Ниханнан айырылған Кемал Зогулдак деген қалаға шахтаға жұмысқа кетеді. Бір күні шахтада жарылыс болып, Кемал компанияның директорын құтқарып алады. Директор Кемалды туған ұлындай көріп, оған үлкен қызмет ұсынады. Байлық пен мансапқа ие болған Кемал сүйгенінен айырған қоғамнан кек алу үшін туған қаласына оралады. Кектің соңы жылдар бойы сақталған құпиялардың ашылуына әкеліп соғады...  Махаббат телехикаясын 8 тамыздан бастап дүйсенді мен жұма аралығында 21.00-де арнамыздан тамашалай аласыздар.    


Ал тамыз айының 15-сінен бастап 22.00-де қазақстандық көрермендер біздің арнамыздан әйгілі «Әуе жер ғашық» атты телехикаяны тамашалайды. Түріктердің аты жер жарған телехикаясында оқиға Хавва және Топырақ атты ағайынды екі қыздың арасында өрбиді. Хавва өте пысық қыз. Алдында қойған мақсатына қалайда жетіп үйренген. Оған қоса ерекше сұлу. Ал сіңлісі Топырақ керісінше, өмірде жолы болмай, қасірет шегіп жүреді. Баласынан айырылып, өмірден баз кешеді. Бір күні екі қыздың өмірінде Юсуф атты жас жігіт пайда болады. Әйелі қайтыс болған, кішкентай ұлы бар.  Үшеуінің арасында махаббат үштағаны пайда болып, соның маңайында әртүрлі шытырман оқиғалар өрбіп, қастандық, ғашықтық, аяқтан шалу хикаяның хикаяның өзегіне айналады. 

Жаз бойы 31 арнадан тамашалаңыздар! 

Отыз бірінші арна – таңғалдыратын, шабыт пен мейірім сыйлайтын, қызықты, қауіпсіз, бүкіл отбасына арналған ұлттық ойын-сауық арнасы. Арнаның ұраны – «Отбасымен бірге көрейік!».  
 
 

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

ru Джеки Чан снимает новый блокбастер в Мангистау

ru В Астане обнаружили скрытые точки наркоторговли

ru В области Жетісу построят завод по утилизации и переработке отходов

ru Порядка 296 тыс. человек охвачены активными мерами содействия занятости с

ru В Костанайской области запущена новая солнечная электростанция

ru Глава государства поздравил вновь избранного Президента Швейцарии

ru Количество сделок купли-продажи жилья уменьшилось на 3,1%

ru В Казахстане вдвое сокращена очередь в детские сады для детей

ru О пресечении мошеннической деятельности сообщили в КНБ РК

ru В Жамбылской области ведётся строительство пяти газотурбинных установок

ru Спасатели обратились к астанчанам

ru Касым-Жомарт Токаев и Масуд Пезешкиан выступили с совместным заявлением

ru Учащихся начальных классов столичных школ перевели на онлайн-обучение

ru В Актюбинской области по проекту «Серебряный возраст» трудоустроены 1 225

ru Рыбная отрасль демонстрирует рост

ru Мясная ярмарка «Соғым-FEST» вновь пройдет в эти выходные в Астане

ru Глава государства подписал Указ «О некоторых вопросах цифровизации в Республике

ru Президент принял председателя совета директоров Qarmet

ru Более 13 млн рецептов на лекарства выписано через «социальный кошелек»

ru 70-летнему покупателю вернули деньги за неработающий телефон с Wildberries

ru Казахстан усиливает производство автомобилей

ru Глава государства принял председателя Национального банка Тимура Сулейменова

ru Назначены послы РК в Чехии, Нидерландах и Люксембурге

ru Казахстан и Индонезия отмечают 32 года дипломатических отношений

ru Криминалисты раскрыли более 8 тысяч преступлений за 2025 год

ru Силами МЧС пожар в Астане полностью ликвидирован

ru С начала года госинспекторами труда защищены права более 55,1 тыс.

ru За 9 месяцев Алматы посетили 1,8 млн туристов

ru Какие мероприятия пройдут в Астане в честь Дня Независимости

ru 10-11 декабря Астану с официальным визитом посетит Президент Ирана