Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Астананың оң жағалауының орталығында көлік қозғалысы жарты жылға шектеледі
Алматы. 12 мамыр. Ақпараттар орталығы. Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты
бірнеше көшеде көлік қозғалығы шектеледі, деп хабарлады елордалық ІІД баспасөз
қызметіне сілтеме жасаған ҚазТАГ.
"Сондай-ақ Күмісбеков көшесін қайта жөндеу жұмыстарына орай, оның Кенесары
көшесінен Абай көшесіне дейінгі бөлігі және Сейфуллин көшесінен Жангелдин
көшесіне дейінгі учаскесі 2017 жылдың 6 мамырынан 1 қазанына дейін көлік
қозғалысы үшін толықтай жабылады", - делінген жүмадағы хабарда.
Сонымен қатар, Қабанбай
батыр даңғылының Достық көшесінен №26 көшеге дейінгі учаскесін қайта жөндеу»
жобасын іске асыру аясында «Астана қалалық автомобиль жолдары басқармасы» ММ
Қабанбай батыр даңғылы мен Орынбор көшесінің (Сығанақ) қиылысында инженерлік
желілер құрылысын бастауды жоспарлап отыр.
«Осыған байланысты ағымдағы жылдың 13-18
мамыры аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысына тыйым салынады. Аталған
қиылыста көлік кептелісін азайту мақсатында бағдаршамдардың жұмыс режімінде
өзгерістер болады", - деп атап өтті ІІД.
Асфальт жабынын қайта төсеу жұмыстарының
жүргізілуіне байланысты Есіл өзенінің үстімен өтетін Сарыарқа көшесіндегі
автожол көпірі ағымдағы жылдың 12 мамыры күні сағат 22.00-ден 15 мамыр 06.00-ге
дейін жартылай жабық болады.
Елордалық ІІД әкімшілік полиция басқармасы кептелістерді болдырмау мақсатында қала тұрғындары мен қонақтарына өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауға кеңес береді
Дереккөз: КазТАГ

