Жолаушылар автокөлігі қызметтерінің бағасы 1 жылда 6 пайызға қымбаттады
05 Октября 2020
1122
Экономика,
Бизнес
Фото:inform.kz
Алматы. 5 қазан. Ақпараттар орталығы - Жолаушылар автокөлігі қызметтерінің бағасы 1 жылда 6 пайызға қымбаттады. Бұған қоса тамыз айында жолаушылар тасымалы өткен жылмен салыстырғанда 8 есеге жуық төмендеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат energyprom.kz-ке сілтем жасап.
2020 жылдың қаңтар-тамызында автомобиль және қалалық электр көліктерімен 7 млрд адам тасымалданды. Бұл осыдан 1 жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,2 есеге төмен. Ал тамыз айында 260,9 млн жолаушы тасымалданып, көрсеткіш шілдемен салыстырғанда 5,4 пайыз жоғары болғанымен 2019 жылдың тамызына қарағанда 7,9 есеге кеміді. Жолаушылар айналымы жыл ішінде 2,3 есеге азайып, 75 млрд жолаушы-шақырым болды. Тамызда жолаушылар айналымы 3,1 млрд жолаушы-шақырымға жетіп, осы жылдың шілдесімен салыстырғанда 9,1 пайыз өсім көрсетті. Дегенмен, 2019 жылдың тамызымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7,3 пайызға кем. Автомобиль және қалалық электр көліктерімен тасымалданған жолаушылардың ең көбі әдеттегідей автобустар мен таксилерге тиесілі. Автобустармен 5 млрд жолаушы тасымалданды. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 2,3 есеге аз. Таксимен 2 млрд адам тасымалданып, 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 48,7 пайызға төмендеді. Автомобиль көліктерімен 2 млрд тонна жүк және қол жүгі тасымалданып отыр. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8,5 пайызға кеміді. Жүк айналымы 98,7 млрд тонна-шақырымға жеткенімен бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 14,3 пайызға төмендеді. Тамызда жүк айналымы көлемі шілдемен салыстырғанда 3,4 пайызға артып, 14,9 млрд тонна-шақырым болды. Дегенмен, өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 15,4 пайызға кем. Осы жылдың 8 айының қорытындысында автомобиль және қалалық электр көліктерінің кірісі 152,9 млрд теңгеге болғанымен бір жылдың ішінде 11,6 пайызға құлдырап отыр. Өткен жылы олардың кірістері 173 млрд теңгеге жетіп, жыл ішінде 8,2 пайызка артқан еді. Тамызда жолаушылар көлігі қызметтерінің бағасы өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 5,7 пайызға қымбаттады. Тек Шымкент қаласында ғана баға өзгеріссіз қалды. Қызмет бағасының ең жоғары өсімі Түркістан облысында 28,1, ал маңғыстау облысында 25,4 пайыз болды.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




