26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Елдің қарулы күштерінде әмбебап мобильді байланыс кешені сынамадан өткізілді

13 наурыз 2017 Қаралым: 2 262 Көлік
Елдің қарулы күштерінде әмбебап мобильді байланыс кешені сынамадан өткізілді

Алматы. 13 наурыз. Ақпараттар орталығы. ҚР ҚК-де өткен жаттықтыру барысында әмбебап мобильді байланыс кешені сынамадан өткізілді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында байланыс бойынша кешенді жаттықтырулар өтті, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен. 

ҚР ҚМ ақпарынша, практикалық сабақтар барысында мобильді кешен жоғары тиімділігін көрсетті.

"Кешенді жаттықтыру жоспары бойынша командалық пунктінің байланыс торабы өрістетілді. Жауынгерлік бекеттерде дәл уақытымен ашық және қорғалған режімдерде баламалы және сандық байланыс арналары ашылды және қамтамасыз етілді. Байланысшылар қолбасшылық жүктеген барлық тапсырмаларды ойдағыдай орындады", — делінген хабарда. 

Хабарда атап өткендей, байланыс бойынша кешенді жаттықтыру Қарулы Күштерде жоспарлы негізде өткізілуде. Ұқсас жаттықтырулар «Батыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарында өтті.

"Практикалық сабақтардың арқасында байланыс әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің жеке құрамы бүгінде байланыс әскерлері жабдықталып жатқан заманауи әскери техника үлгілерін қолдана отырып, далалық және стационарлық байланыс тораптары арасындағы үйлесімділік пен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мәселелері бойынша білім қорын молайтты", — деп атап өтті баспасөз қызметінде.

Тағы оқыңыз