• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Электр энергетикасы саласындағы жабдықтарды қалпына келтіру керек - сарапшы

Фото:ҚазАқпарат

Алматы. 10 наурыз. Ақпараттар орталығы  - Энергетика саласының сарапшысы Жақып Хайрушев электр қуаты тарифінің көтерілуіне не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, Энергетика министрлігі электр энергиясына арналған тарифтерді көтеру туралы бұйрығының жобасын жариялады. Құжат наурыздың 25-іне дейін талқылауға шығарып отыр. Осыған орай энергетика жөніндегі сарапшы аталған бұйрыққа қатысты түсіндірме берді. «Тарифті біртіндеп көтеріп, мерзімін белгілеп, әділ әдістеме әзірлеу керек. Мысалы, АҚШ-тағы соңғы жағдай: электр қуатын өшірген кезде, көптеген адамдар ЖЭК-ты кінәлады, бұл жерде шындық бар, алайда толық емес. Бағасы тұтынуға байланысты. Шектеулерге дейін олар бір бағаны төледі, шектеулерден кейін тарифтер өзгерді. Тапшылық болғанда – баға көтерілді. Осындай жүйеге ауысып, сол бойынша жұмыс жасаудың қажеті жоқ, өз әдістемемізді әзірлеу керек. Себебі Реттеуші тарифті өзіне ыңғайлы болатындай жасай алмайды. Жабдықты пайдалануды энергетиктер де жүзеге асырады және олардың 80 пайызға тозуы бір күнде пайда болмағанын, ол жылдар бойы қалыптасқанын жақсы біледі», - деді сарапшы. Оның атап өтуінше, тарифтердің көтерілуінен энергия үнемдеу болады. «Азық-түлік бағасы өскен кезде, оның өзіндік құны өседі. Ал, электр энергиясы туралы айтатын болсақ, олар да тиімді табысқа жетуді қалайды. Тарифтердің көтерілуіне байланысты энергия үнемдеу компаниясы жүретінін түсіну маңызды. Адамдар жарық пен жылуды үнемдеуді үйренеді, өйткені оның бағасы арзан болмайды. Өңірлерде 5-7 жыл ішінде қажетті жабдықты қалпына келтіру үшін жарықтың бағасын кем дегенде 2-3 теңгеге көтеру керек», - деді Жақып Хайрушев. Сонымен қатар ол атом электр стансасына қатысты пікір білдірді. «АЭС және жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) айналасында да көптеген мәселе көтерілуде. Көптеген адамдар АЭС пен ЖЭК елдегі энергия тапшылығы мәселесін шешеді деп санайды. ЖЭК ерекше тәсілді қажет етеді, жалпы осы бағытта көп жұмыс жүргізілуде. Қазіргі жылына 3-5% көрсеткіштері де жаман емес. АЭС салу да ауқымды инвестицияны салуды талап етсе де, энергетика саласындағы проблемаларды тиімді шешетін болады. Бүгінгі 21 ғасырда барлық технологиялар бар, мысалға Беларусьті алатын болсақ, бұл шағын ел және тұтыну көлемі өте төмен. Бізде жарылыс фобиясы бар, осынымен жұмыс жасау қажет, халыққа АЭС-тен қорқудың қажеті жоқ екенін хабарлау керек», - деді сарапшы.


 
 

 

Источник: ҚазАқпарат

ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в

ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля

ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО

ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью

ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте

ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии

ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение

ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области

ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков

ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше

ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих

ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения

ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре

ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в

ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте

ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»

ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля

ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта

ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске

ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино

ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице

ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию

ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования

ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду

ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий

ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области

ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО

ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»

ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве

ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе