Еліміздегі ауылдардың 86,4% орталықтандырылған сумен жабдықталған
27 Октября 2020
955
Социум
Фото:el24kz
Алматы. 27 қазан. Ақпараттар орталығы - ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру мәселесі қаралды, деп хабарлайды Хабар 24.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Атамқұлов, экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев, Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаев, Павлодар облысының әкімі Ә.Сқақов, Қостанай облысының әкімінің бірінші орынбасары Г.Нұрмұхамбетова баяндама жасады. Бүгінгі таңда орталықтандырылған сумен жабдықтау қалаларда – 97,2%, ауылдарда 86,4% құрайды. 100% орталықтандырылған сумен жабдықтау Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарында, ауылдар бойынша Алматы (98,8%), Атырау (98,4%) және Қызылорда (97,2%) облыстарында қамтамасыз етіледі. Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік бойынша төмен көрсеткіштер Қостанай (61,1%), Жамбыл (72,6%) және Павлодар (73,3%) облыстарында байқалады, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі. 53 қалада кәріздік тазарту құрылыстарын салу, реконструкциялау және жаңғырту бойынша жұмыс жүргізілуде, қаржыландыру көздері (АДБ және ЕҚДБ займдары) айқындалды, жобалық құжаттаманы дайындау жүргізілуде. «Халықты таза ауыз сумен жабдықтау мәселесі Үкіметтің стратегиялық міндеті және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға тікелей әсер етеді. Әр әкімдіктің елді мекендерге тиісті инфрақұрылымды жеткізу бойынша нақты жоспары болуы керек», – деді А.Мамин.
Үкімет басшысы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы бойынша 2025 жылға қарай халықтың 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етілетінін атап өтті. Осы мәселедегі маңыздысы, топтық су құбырларының инфрақұрылымын жасау және ауылдардың шекарасына дейін жеткізу керек. Бұл жұмыс желілерді елді мекендердің ішінде тартумен үйлесімді жүргізілуі қажет. Премьер-министр жобалардың шығындарын қысқартып, жергілікті қамтуды дамыту мақсатында сумен жабдықтау және су бұру жобаларын іске асыру кезінде жобалау-сметалық құжаттаманың типтік жобаларын, сондай-ақ отандық өндірушілердің материалдарын пайдалануды тапсырды. Экология министрлігіне топтық су құбырларын басқару жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша шаралар қабылдап, оларды салу және реконструкциялау жобаларын уақтылы іске асыруды қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл ретте 2021 жылдың соңына дейін 197 мың тұрғыны бар 38 елді мекенге су жүргізуді көздейтін, ұзаққа созылған үш жобаның құрылысын аяқтау қажет екені атап өтілді.
Индустрия, ұлттық экономика, қаржы, экология, денсаулық сақтау министрліктеріне халық үшін тарифтердің артуына жол бермеу мақсатында қызмет көрсетуді және қарызды өтеуді ескерумен кәріздік тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жобаларын іске асыру тетігін заң жүзінде бекітуді қамтамасыз ету тапсырылды.ru 14,3 млрд кубометров составляет свободная емкость в водохранилищах Казахстана для
ru С начала года казахстанцам выплачено пенсий на сумму более 395
ru Канал сбыта наркотиков каннабисной группы пресечен в Жамбылской области
ru Спасатели МЧС предотвратили взрыв в жилом доме
ru Более 40% всех ПИИ — вклад Алматы
ru Деятельность незаконного онлайн-казино расследует АФМ в Мангистауской области
ru Импульс на рынке труда: в Алатау в Алматинской области предложены
ru Школьники задержаны за «телефонное» хулиганство в Алматы
ru Ликвидированы подпольные цеха по производству снюса в Туркестанской области
ru $400 млрд к 2029 году составят инвестиции в промышленный каркас
ru Президент направил телеграмму поздравления Генеральному секретарю ЦК Компартии Вьетнама
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Председателю КНР
ru Опознанное тело оказалось чужим: суд отменил запись о смерти
ru Запущен проект по обеспечению сёл высокоскоростным интернетом
ru В КазНУ открылся казахстанско-сингапурский центр квантовых технологий
ru Около 1 700 единиц спецтехники задействовано в снегоуборочных работах в
ru В 2026 году в Казахстане ведется строительство 90 новых школ
ru В Алматы завершена пробивка тоннелей до новой станции метро
ru В преддверии праздника Наурыз на железнодорожных перевозках будет открыто 35
ru Государственный контроль в Жетісу обеспечил снижение цен на СЗПТ
ru В 2025 году объём вложений в сферу туризма превысил 1,25
ru 1,5 млрд тенге выплачено в 2026 году ветеранам в виде
ru Министерство обороны предупреждает о незаконности услуг по «освобождению от армии»
ru Глава государства принял председателя правления АО НК «КазМунайГаз» Асхата Хасенова
ru Канал поставки опия пресечен в Мангистауской области
ru В Акмолинском гарнизоне проверили боевую готовность войск ПВО
ru Около двух тысяч единиц спецтехники задействованы в уборке снега в
ru Один из первых приговоров за сталкинг вынесен в Алматы
ru В Жетісу планируют реализовать агропроекты по принципу «поле – хранение
ru Проект новой Конституции вынесен на республиканский референдум

+77772555856
Написать нам




