• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Елордада карантин тәртібін бұзушыларға 133 млн тг айыппұл салынды

Фото:Хабар 24

Алматы. 12  қазан. Ақпараттар орталығы -  Елордада шағын және орта бизнес субьектілеріне күнделікті рейд жалғасуда, деп хабарлайды Хабар 24.

Өткен демалыс күндері полицейлер, СЭС және әкімдік өкілдері базарлар мен басқа да нысандарды аралады. Кейбір ШОБ өкілдері карантин режимі күшейгеніне қарамастан, бұзушылық жасауды жалғастыруда. Мысалы, базарлардың бірінің иелері демалыс күндері жұмыс уақытын сақтамағаны үшін үлкен айыппұл төлейді. Тағы бір орында тексерушілер кіреберісте санитайзерлер орнатылмағанын анықтады. Сонымен қатар жауапты адамдар жанасусыз термометрді қолдана алмады.

 «Сауда үйлері демалыс күндері жұмыс істемеуі керек, тек дәріханалар, қоғамдық тамақтану орындары болса, олар жұмыс істеуге құқылы», – деп түсіндірді Байқоңыр ауданы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары Салтанат Ықыласова.

Мамандардың айтуынша, қазіргі кездегі негізгі бұзушылықтар: жұмыс режимін сақтамау, қоғамдық тамақтану орындарында келушілер санының көп болуы, сатып алушылар мен сатушылар үшін масканың болмауы, әлеуметтік қашықтық сақтамау, нысанның кіреберісінде антисептиктердің болмауы, кей жерлерде келушілер мен қызметкерлердің термометриясы жүргізілмейді. Сондай-ақ жиі кездесетін бұзушылықтар қатарына бұқаралық отбасылық іс-шараларды, кездесулерді, жиындарды өткізу жатады.

«9 қазандағы жағдай бойынша барлығы 1240 рапорт келіп түсті. Оның 627-сі қаралып, 133 766 808 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде 509-ы бойынша 110 196 325 теңге өндірілді. Төрт материал соттың қарауына жіберілді», – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, елордада карантин режимі күшейтілгені жарияланған болатын. Азаматтар маска тағу тәртібін, арақашықтықты қатаң сақтап, антисептик қолдануы керек. Құқықбұзушылық анықталған жағдайда жеке тұлғаларға 30 АЕК (83 340 теңге), заңды тұлғаларға 230-дан 1600 АЕК-ке дейін (4 млн 445 мың теңгеге дейін) айыппұл салынады. Кінәсін мойындаған жағдайда, айыппұл жеті күн ішінде 50% жеңілдікпен төленеді. Жеті күн ішінде төленбеген немесе кінәсін мойындамаған жағдайда, әкімшілік айыппұл туралы қаулы толығымен шығарылып, 30 күн ішінде төленеді.


Источник: Хабар 24

ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в

ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля

ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО

ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью

ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте

ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии

ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение

ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области

ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков

ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше

ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих

ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения

ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре

ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в

ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте

ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»

ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля

ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта

ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске

ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино

ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице

ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию

ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования

ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду

ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий

ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области

ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО

ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»

ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве

ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе