Пассажирский автобус опрокинулся в Мангистауской области, есть погибшие
АФМ в Астане расследует хищение средств ФСМС руководителем двух частных медклиник
Алматы готовится к снегопаду и похолоданию
Гвардейцы задержали мужчину с холодным оружием в городе Конаев
Учащиеся 0-9 классов будут учиться в онлайн-формате в Астане
Енді прокурор болам деушілер алғашқы дайындықтан өтіп, мүмкіндігін дәлелдейді
16 Февраля 2021
1333
Социум,
Право
Фото:Хабар 24
Алматы. 16 ақпан. Ақпараттар орталығы - Заңдылық пен құқықтық тәртіп – ел болашағының іргетасы. Бұл ұғымға сай болу үшін прокуратура органдары елдің мықты қорғаны болуы тиіс. Осы және өзге де мәселелер бүгін Президент төрағалығымен өткен кеңесте айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мемлекет басшысы қадағалаушы орган алдына бірнеше маңызды міндет қойды. Ең алдымен салада жұмысқа қабылдау тәсілі өзгереді. Енді прокурор болам деушілер алғашқы дайындықтан өтіп, мүмкіндігін дәлелдейді. Заңдылықты қадағалауға жасанды интеллект те көмектеседі.
Рауан Мыңбаев, тілші: - Прокуратура қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру. Бұл – бүгін Президент көтерген негізгі мәселе. Бұдан былай прокурорлар жұмысқа қабылданбас бұрын алғашқы дайындықтан өтеді. Құқық қорғау органдарының академиясы осы бағытқа күш салады. Сала қызметі технологиялық тұрғыда жаңғыртылады. Құқық бұзушылықты уақытылы анықтап, жолын кесу үшін жасанды интеллект енгізіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Заңдылық пен құқықтық тәртіп ел болашағының іргетасы. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында осы мәселеге басымдық берген. Әрі интеллектуалды шешімдер, яғни цифрландыру ісін жалғастыруды тапсырды. Солардың бірқатары бүгін Президент назарына ұсынылды. «Электронды қылмыстық іс», «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай реестрі», «Кейбір органдар арасында шешімдерді онлайн-режимде келісу» тізе берсек біраз жүйе заманауи форматқа көшкен.
Ғизат Нұрдәулетов, ҚР Бас прокуроры: - Біз қылмысқа қарсы күрес және оның алдын алуға күш салып келеміз. Қоғам қалыптасқан жағдайға, яғни кроминогендік ахуалға биліктің ықпалы аз дегенді жиі айтатын болған. Балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылық және басқа да надандық әрекеттеріне жазаны қатаңдаттық. Ұрлықшы, педофил, браконьерлер ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылатын болды. Пандемия кезінде елімізде қылмыс саны 30%-ке азайған. Дегенмен, халықтың сенімін әлі де нығайту керек. Ол үшін реформалар қарқынды жүргізіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Алдағы реформалар кезінде прокуратура органдарының орны ерекше болады. Бүгінде қылмыстық процестің үш буынды моделі енгізілуде. Соның арқасында бір айдың ішінде 692 адамды қылмыстық қудалаудан арашалап қалдық. Бірақ мұнымен шектелуге болмайды. Негізгі процессуалдық шешімдердің барлығы прокурорлық сүзгіден өтуге тиіс. Бұл – өте маңызды мәселе. Бірде-бір заң бұзу дерегі прокурор назарынан тыс қалмауы қажет.
Президент «халық сеніміне ие болудың негізгі жолы – құқықты барынша қорғау», деді. Қоғаммен байланыс мәселесіне де баса мән берді. Өткен 10 жыл ішінде мемлекеттің бизнесті қолдау шаралары нәтижесін берді. Енгізілген мораторий заңсыз тексерістерді азайтты. Былтыр көрсеткіш 5 есе қысқарған.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Бақылаушы органдардың болмашы себептің соңын нағыз репрессияға айналдырып жіберетін жағдайлары жиі кездеседі. Құжаттар тартып алынады. Ал оны кәсіпкерлер айлап қайтарып ала алмай жүреді. Жұмыс істеудің орнына бүкіл қызметкер тергеуде болады. Мұндай келеңсіздіктерге жол беруге болмайды. Прокурорлар кәсіпкерлер мен барлық құқық қорғау органдарының арасындағы қатынастарда заңдылықтың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Президент тағы бір міндет ретінде құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіруді атап өтті. Сонымен қатар басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың әлеуетін тиімді пайдалану қажет.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: -
Мысал ретінде, көптеген азаматтарымыз қаржы пирамидаларының құрбаны болуда. Тек
бір ғана қылмыстық іс бойынша 17 мыңнан астам жәбірленуші бар. Мұндай қылмыстық
істерді жүзеге асыру үшін алаяқтар бірыңғай транзакцияларды бірнеше рет өткізіп
барып, жоқ болады. Күмән тудыратын осындай белсенділікті уақытылы анықтаған
жағдайда көптеген адамдарды шалыс басудан сақтап, алаяқтарды жазалауға болар
еді. Қайта құрылған Қаржылық мониторинг агенттігі де бұл істен қалыс қалмауы
керек. Бұл жерде қаржы мониторингінің ақпараттық ресурстарын пайдалануға
болады. Сондықтан осы саладағы қылмыстың алдын алу үшін олармен толыққанды
ынтымақтастық орнатқан жөн. Жалпы прокуратура мұндай мәселелерде барынша
белсенді, бастамашы болуы тиіс. Прокуратура органдарына тұрғындардан түсетін
арыз-шағым көп. Кейінгі 3 жылдың ішінде 650 мыңға жеткен. Әрбір арыздың артында
адам тағдыры тұр. Арасында уақытылы жалақы ала алмай, жұмыстан заңсыз шығып
немесе құқықтары аяқ асты болғандар бар. Мұндай әрекеттің соңы наразылыққа
ұласуы әбден мүмкін. Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Өткен жылдың өзінде ғана сіздердің нәтижелі жұмыстарыңыздың арқасында 29 мың
қызметкердің жалақыдан қарыз болған 2,7 миллиард теңге қаржысы төленді. Бұл
жұмысты жалғастыру керек. Әсіресе, кейбір кәсіпорындарда шиеленістің өршуі
байқалады. Мұндай мәселелерде аймақтағы прокурорлар нақты позиция ұстанып,
белсенді әрекеттерге баруы тиіс. Әр іс бойынша оңтайлы шешім шығарып, заң
үстемдігіне қол жеткізу қажет. Менің тапсырмам бойынша қазір әкімдер осы
мәселемен айналысып жатыр. Бұл жұмысқа прокуратура да араласуы тиіс. Мемлекет
басшысы полиция мен санитарлық қызмет тарапынан олқылықтар жіберілсе, бірден жазалау
қажеттігін де атап өтті. Пандемия кезінде мұндай әрекеттер жиі кездесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы саласындағы алаяқтықтың алдын алу міндетін
прокурорларға жүктеді. Мемлекеттік бағдарламалар мен дағдарысқа қарсы шараларға
бөлінген қаржы оңды-солды жұмсалмай, қоғамға пайдасын тигізуі керек.
ru Пассажирский автобус опрокинулся в Мангистауской области, есть погибшие
ru В Сарани готовят к запуску новые заводы
ru Глава государства подписал новый Закон о банках
ru В Астане начался конкурс «Парыз-2026»
ru В 2025 году введено в эксплуатацию 20,1 млн м2 жилья
ru Нуржан Турсунханов назначен заместителем председателя АРРФР
ru В ДУИС по области Абай осужденные начали изготовление оборудования для
ru Более 280 млн тенге взыскано с должников по инициативе прокуратуры
ru АФМ в Астане расследует хищение средств ФСМС руководителем двух частных
ru Алматы готовится к снегопаду и похолоданию
ru Минздрав усиливает требования к поставщикам медуслуг
ru В Казахстане сохраняется стабильность цен на социально значимые товары на
ru 240 млрд тенге будет выделено на геологоразведку
ru 570 тыс. казахстанцев прошли обучение на платформе Skills Enbek в
ru Гвардейцы задержали мужчину с холодным оружием в городе Конаев
ru До 30 тыс. туристов в день: Алматинский горный кластер усилит
ru В 2025 году в Казахстане построено 162 школы
ru Учащиеся 0-9 классов будут учиться в онлайн-формате в Астане
ru Стратегия увеличения посевов высокомаржинальных культур продолжится в 2026 году в
ru Пьяного мужчину со стартовым пистолетом задержали в ЗКО
ru С 1 января 2026 года пенсионные выплаты из ЕНПФ освобождены
ru В области Абай продолжится системная работа по улучшению качества дорог
ru Более 276 тыс. человек получили госуслуги благодаря ЦКС в 2025
ru Лимоны будут выращивать в Алматинской области
ru Филиал ОАО «РЖД» привлечён к ответственности за монопольно высокие цены
ru Полиция изъяла более 43 кг марихуаны в Жамбылской области
ru Министр обороны проинспектировал военные объекты в Кызылординской области
ru Более 595 тыс. услуг получили лица с инвалидностью через Портал
ru Более 3 000 дорожных рабочих и около 2 000 единиц
ru Поставщики поливной воды, нарушившие права потребителей, оштрафованы на 17,8 млн

+77772555856
Написать нам




