Ерболат Досаев Президентке инфляцияның неге 7 пайызға дейін үдеп кеткенін түсіндірді
03 Июня 2021
1240
Финансы
Фото:ҚазАқпарат
Алматы. 3 маусым - Ақпараттар орталығы - Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме деп хабарлайды.
Мемлекет басшысына биылғы қаңтар-мамыр айларындағы ақша-несие саясатын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары және әлемдегі іскерлік белсенділіктің қалпына келуі жөнінде, инфляцияның өсуі мен инфляциялық болжамдар аясында орталық банктердің бейтарап ақша-несие саясатына көшуі туралы баяндалды. Президентке ел экономикасы өсімінің оң бағыт алуы және оның биылғы даму перспективалары, сондай-ақ, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында жекелеген инвесторлар мен резидент емес адамдардың іскерлік белсенділігінің қайта қалпына келуі жайында ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа алтын бағасының өсуіне, сыртқы нарықтардағы қолайлы жағдайдың нәтижесінде инвестициялық кіріс пен Ұлттық қорға түскен қаржының артуына байланысты 2016 жылғы қыркүйектен бері алғаш рет Қазақстанның жалпы халықаралық резервінің көлемі 95 миллиард АҚШ долларына дейін жеткені айтылды. Ерболат Досаев Мемлекет басшысына биылғы мамырда инфляцияның 7,2 пайызға дейін үдеу себептері және Ұлттық банктің биылға арналған негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша жаңартылған болжамдары туралы жеткізді. Сонымен қатар банк жүйесіндегі теңгелік салымдардың өсу үрдісі және Ұлттық банк есебінен қаржыландырылатын дағдарысқа қарсы Президент бастамаларының орындалу барысы туралы мәлімет берілді. Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.
ru В Алматы увеличится количество ярмарок выходного дня
ru В Казахстане второй год тестируют тросовые ограждения для повышения безопасности
ru Активы организаторов интернет-казино 1Win конфискованы в доход государства
ru Полиция изъяла из оборота свыше полутонны наркотиков в Алматы
ru В Таразе на складе чуть не сгорели 10 тонн лука
ru Глава государства направил телеграмму поздравления Президенту Ирана
ru Двух мужчин арестовали в Шымкенте за навязчивое преследование женщин
ru Глава МИД Казахстана принял Посла Турции
ru В Караганде пройдёт выставка картин, которые можно увидеть в темноте
ru Более 56,5 млрд тенге получили многодетные семьи и награжденные матери
ru О повышении зарплат и снижении финансовой нагрузки для граждан доложил
ru Олжас Бектенов доложил Президенту о реализации поручений по укреплению экономики
ru Весенний призыв: мифы и правда
ru Министр обороны Казахстана встретился с Послом Китая
ru Электросамокаты признаются транспортом: предстоящие изменения были обсуждены в Алматы
ru В Караганде отметят Международный день дарения книг
ru Более 138 тыс. человек оказана адресная социальная помощь на 1
ru По направлению «Астана – Талдыкорган» запускается новый железнодорожный маршрут
ru Назначен зав.отделом внутренней политики Администрации президента
ru КНБ и МВД пресекли деятельность ОПГ в 8 регионах страны
ru ИИ и дроны используют для обследования энергообъектов в Казахстане
ru Работы по очистке около 110 км русел рек проводятся в
ru Казахстан произвел 889 тыс. тонн растительного масла в 2025 году
ru В Астане учащиеся 0-9 классов второй смены обучаются дистанционно
ru Группа лиц осуждена за незаконное снятие ареста с имущества
ru Казахстан и Пакистан расширяют сотрудничество в сфере цифровых технологий и
ru Более 30 тысяч кубометров снега вывезли из Астаны за ночь
ru В рамках AI-Sana запущен ИИ-агент для профориентации школьников
ru АФМ завершило расследование дела блогеров Жанабылова и Толегеновой
ru В прошлом году в Туркестанской области высажено более 1 млн

+77772555856
Написать нам




