Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы төртінші орын алды
04 Октября 2021
902
Спорт
Фото:ҚазАқпарат
Алматы. 4 қазан. Ақпараттар орталығы - Бүгін Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатында Бразилиямен 3-орын үшін таласқа түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Футзалда Бразилия тәжірибелі құраманың бірі саналады. Аталған құрама әлем чемпионатында бес дүркін чемпион атағын жеңіп алған. Екі құрама тартысты ойын өткізді. Нәтижесінде ойынның 12-минутында қазақстандық футзалшылар қарсыластар қақпасы маңында шабуыл ұйымдастырды. Ол бразилиялық қақпашы Гиттаға тиіп, автогол соғылды. Осылайша бірінші кезеңнен кейін Қазақстан құрамасы қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті. Екінші кезеңде тартысты жекпе-жек одан әрі өрбіді. Ойынның 25-минутында қазақстандық құрамадан Тайнан ойламаған жерден өзінің қақпасына гол соғып алды. Ол 31-минутта қарсыластар қақпасына гол соғып, қайтадан Қазақстан құрамасы алға шықты. Дегенмен одан кейін бразилиялықтар қатарынан Родриго 32, Феррао 34, Ле 35-минуттарда көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Қазақстан қарсыласынан 2:4 есебімен жеңіліп қалды. Нәтижесінде Бразилия әлем чемпионатының қола жүлдесіне қол созды. Қазақстан төртінші орынға тұрақтады. Сондай-ақ, бүгін финалда Португалия және Аргентина құрамалары шеберлік байқасады. Кездесу елорда уақытымен 22:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Еске салсақ, топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Коста-Рикадан 6:1, Литвадан 3:0 есебімен басым болса, Венесуэламен 1:1 есебімен тең ойнады. Одан кейін 1/8 финалда Таиландтан 7:0 есебімен басым түсіп, ширек финалда Иранды 3:2 есебімен сүріндірді. Ал жартылай финалда Португалиямен овертаймда 2:2 есебімен тең түсіп, пенальти тебуде қарсыласына жол берді. Қазақстан құрамасы бұдан бұрын әлем чемпионаты финалдық сатысында екі мәрте бақ сынады. 2000 жылы бірінші кезеңнен аса алмаса, 2016 жылы 1/8 финалға дейін жетті.
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе
ru Конституционный Суд и Офис ОБСЕ обсудили совместные инициативы на 2026
ru Дархан Сатыбалды провел встречу с инвесторами и предпринимателями Алматы
ru Более полумиллиарда тенге ущерба возмещено по делу в сфере образования
ru МВД предупредило о схеме удаленного доступа к смартфонам через вредоносные
ru Реконструкция вокзалов Жанакорган, Шиели и Казалы приближается к завершению
ru Президент США охарактеризовал Казахстан как прекрасную и богатую страну
ru Более 102 тыс. вакансий размещено на Электронной бирже труда с
ru Аграрии Жамбылской области готовятся к посевной
ru Полиция пресекла факт незаконного оборота мефедрона в Алматы
ru Международный аэропорт Семей привлечен к административной ответственности
ru В столице представили редкие рукописи VIII–XIX веков
ru Касым-Жомарт Токаев поздравил верующих с началом месяца Рамазан

+77772555856
Написать нам




