Газ өндірудің өзектілігі артты
07 Октября 2021
1411
Экономика
Фото:Хабар 24
Алматы. 7 қазан. Ақпараттар орталығы - Еуропада газ құны шарықтап, жаңа рекордтық көрсеткішке жетті. ICE Futures биржасында 1000 текше метріне бағасы 1900 АҚШ долларын құрап отыр. Қыркүйектің соңында кәрі құрлықтағы газ бағасы мың доллардан асқан. Араға бір апта салып, көгілдір отынның құны екі еселенді, деп хабарлайды Хабар 24.
Бүгін «Казэнерджи» форумының аясында ұйымдастырылған халықаралық телекөпірде осы мәселе тілге тиек етілді. Энергетикалық тепе-теңдіктегі газдың роліне арналған сессияға Қазақстан, Ресей мен Ұлыбританияның сала мамандары қатысты. Еуропада газ құнының аспандап кеткені бұл отынға деген сұраныстың артуымен байланыстырылады. Яғни ауаны ластайтын көмірден бас тарту тренді көгілдір отынның қымбаттауына әкеп соқтырған. Қазақстанда, жалпы Еуразиялық экономикалық одақ аумағында газ бағасы шарықтай қойған жоқ. Дегенмен, газға деген ішкі сұраныс төрт жылда 25 млрд, ал 2030 жылы 30 млрд текше метрге дейін өседі. Сондықтан өндіріс пен газ өңдеу ісін барынша дамыту керек дейді мамандар.
Мұрат Жүребеков, ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары: - Қорымызда 4 трлн-ға жуық текше метр газ бар. Бірақ ол шикі газ, ілеспе газ. Оны өндіру үшін инвестиция тартуымыз керек. Инвестиция тарту үшін, ынталандыру үшін біз үкімет тарапынан преференциялық ұсыныстарды беруіміз керек компанияларға.
Газбен қамту жүйесін оңтайландыру мақсатында «ҚазТрансГаз» ұлттық операторы құзырлы ведомствоға бірқатар ұсыныс енгізбек. Алдымен магистральді құбырлардың өткізу қуатын арттыру қажет. Ол үшін 30-40 жылда жөндеу көрмеген құбырларды тездетіп жаңғырту керек.
Абзал Қисметов, «Интергаз» АҚ Бас директорының орынбасары: - Біздер диагностикалық жұмыс өткізіп, онда көптеген деффектерді көріп жатыр қазіргі жағдайда. Соған бөлінетін қаражатты қазір энергетика министрлігіне ұсынып жатырмыз.
Абзал Қисметовтің айтуынша, қазір газ қоры мен геологиялық
барлау қызметіне баса мән берген жөн. Бүгінде елдегі электроэнергия
станцияларының 70 проценті көмір қолданады. Министрлік газға ауысудың жолдарын
қарастырып жатыр. Атап айтқанда, көміртегін көп бөлетін ірі өндірістерге
қолданылатын шара мен нақты реттеу тетіктерін қарастыратын заң жобасы қолға
алынған.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




