Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағындағы бетон құрылыстар алынады
11 Августа 2020
1234
Социум
Алматы. Тамыз 11. Ақпараттар орталығы - Қоғамдық кеңес Іле Алатауы ұлттық паркіндегі экотуризмді орнықты дамыту жұмыстарымен танысты, деп хабарлады «Хабар 24».
«Туранга групп» компаниясының директоры Александр Гужавин бүгінгі күні қандай жұмыс жасалғанын баяндады. «Автотұрақ жасалып, спорт алаңы орнатылды. Сонымен қатар бізде алғашқы қоғамдық әжетхана құрастырылуда. Сапарлау орталығы, нысандардың барлығы геобұрандамен салынуда. Біз нысандарды тұрғызу кезінде бетон қолданбаймыз, қазаншұңқыр қазбаймыз. Келесі аптада қоғамдық әжетхананы тазарту жүйесін орналастыру дайындығын бастаймыз. Олардың 5-еуі ерлерге, 5-еуі әйелдерге, 2-еуі қозғалысы шектеулі адамдарға арналған», - дейді А.Гужавин. Оның айтуынша, бұрынғы жерді жалға алған адамдардан қалған бетон құрылыстың бәрін компания алып тастауды ұйғарған. Олардың орнында қоғамдық көлік аялдамасы пайда болады. Мониторингілеу барысында Қоғамдық кеңес мүшелері Аюсай сапарлау орталығын құрастыру кезеңімен танысып, «Тамыр» жабайы табиғатта болу мектебіне барды. Жақын арада «Туранга групп» командасы «Тамыр» жабайы табиғатта болу мектебімен бірге жаңа екі жаяу жүргінші жолын салуды жоспарлауда. Бірінші жол «Жас қайың» деп аталады. Онымен кішкентай баласы бар ата-аналар мен үлкен кісілер қыдырады. Екінші жол қозғалысы шектеулі келушілерге арналған. Келешекте жылдам қозғалатын мүгедектер арбасы да сатып алынуы мүмкін. Еске салсақ, ұлттық парк жанындағы қоғамдық кеңес құрамына 19 адам кіреді. Олардың арасында туристік ұйым өкілдері, ғалымдар, спортшылар, кәсіпкерлер, экобелсенділер, қоғам қайраткерлері бар. Жоба шеңберінде 155 шақырым жаяу жүргінші жолын салу жоспарлануда. 7 сапарлау орталығы салынған соң келушілер ұлттық парк туралы ақпарат ала алады. Этноауыл, кемпинг, шатырлар лагері, 10-15 нөмірлік глэмпинг (таудағы тұрақ) пен бір караванинг (автоүйлермен саяхаттаушыларға арналған жабдықталған автотұрақ) салынады.ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




