Иоган Меркель ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі болып тағайындалды
Алматы. 17 мамыр. Ақпараттар орталығы. ҚР бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель Конституциялық кеңес мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазТАГ.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Иоган Давидович Меркель Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі қызметіне тағайындалды», - делінген сәрсенбіде Ақорда сайтына жарияланған құжат мәтінінде.
Бұл ретте, бұған дейін кеңес мүшесі болған Николай Васильевич Белоруков өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі қызметінен босатылды.
И.Меркель 2008 жылдан бері бас прокурордың бірінші орынбасары болып қызмет етіп келген.
Дереккөз: КазТАГ


