Иран АҚШ-тың жаңа санкцияларына жауап ретінде симметриялы шаралар қабылдайды
Алматы. 19 шілде. Ақпараттар орталығы. Иран АҚШ-тың Ислам Республикасына қарсы жаңа санкцияларына жауап ретінде симметриялы шаралар қабылдайды. Бұл туралы ирандық СІМ мәлімдемесінде айтылады, деп хабарлады ТАСС елдің ресми БАҚ-тарына сілтемелеп.
«Иран ядролық келісім бойынша өзінің міндеттерін орындап отырғанына қарамастан АҚШ әкімшілігі заңсыз санкциялық тізімге жаңа есімдерді енгізді. Бұл, АҚШ-тың еуропалық серіктестерін Иранмен ядролық келісімшарттан шығуға көздерін жекізуге деген әрекеттерінің сәтсіздігіне жауап ретінде осы тұлғалардың ирандық зымыран бағдарламасына септігі тиген деген сылтаумен жасалып отыр», - делінген, сейсенбі күні таратылған Иран СІМ мәлімдемесінде.
«Оған қарсы шаралар ретінде Иран халқы мен өңірдегі басқа да мұсылман ұлттарға қарсы әрекеттерге қатысы бар америкалық заңды және жеке тұлғаларға санкциялар жарияланады», - делінген мәлімдемеде.
Онда АҚШ-тың Иранға қарсы жарияланаған жаңа санкцияларына қарсылық айтылады.
Сейсенбі күні АҚШ әкімшілігі Иранның баллистикалық бағдарламасын, ирандық әскери сатып алуларын немесе Ислам революциясының сақшылар корпусын (Иран қарулы күштерінің элиталық құрамы) қолдайды деген 18 мекемені қара тізімге енгізетінін жариялады.
Дереккөз: ТАСС


