26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Мәдениет министрлігі жанынан «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды

12 мамыр 2017 Қаралым: 3 267 Мәдениет
Мәдениет министрлігі жанынан «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды

Алматы. 12 мамыр. Ақпараттар орталығы. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейі» РМКК жанынан «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы жаңа мекемесі құрылды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

«Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы қызметінің негізгі мақсаты өлкетану бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы, өлкетану саласындағы ағартушылық жұмыс, республикадағы өлкетану жұмыстарын әдістемелік қамтамасыз ету, мемлекеттік және қоғамдық өлкетану ұйымдарымен, жергілікті мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері, Қазақстанның архивтері мен музейлерімен бірге ынтымақтастықта өлкетану тақырыбындағы ғылыми-зерттеу іс-шараларын ұйымдастыру болып табылады», - делінген жұмада таратылған хабарда.

Қазіргі таңда «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары», «Туған жер» жобаларын құру мәселелері талқылануда.

Сондай-ақ, Елбасы «Туған жер» жобасымен бірге жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру қажеттілігін атап өтті.

«Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы болып Берік Бақытұлы Әбдіғалиев тағайындалды.

Дереккөз: КазТАГ

Тағы оқыңыз