Монако ханзадасы 25 маусымда Астанаға келеді
Алматы. 18 мамыр. Ақпараттар орталығы. Монако ханзадасы Альбер Екінші мамандандырылған EXPO-2017
көрмесінде Монаконың Ұлттық күнін мерекелеу аясында Астанаға келеді, деп хабарлады
Tengrinews.kz.
"Астана ЭКСПО-2017" ҰК» АҚ баспасөз орталығында Монако павильонының
таныстырылымында ұйымдастырушылар 25 мамырда көрме аумағында Монаконың Ұлттық
күні өтетінін айтты.
"Дәл
осы күні Монаконың ЭКСПО-дағы ұлттық күні шарасына xанзада Альбер II мен
xаншайым Стефани келеді. Сонымен қатар,
делегация құрамында Монаконың Ассамблея президенті, Монако мэрі мен біздің елші
бар", - деді павильон
комиссарының орынбасары Александр Бокийон.
Оның cөзіне қарағанда, ұлттық күнде өнер көрсетуге Монте-Карлодан жергілікті цирк өнерпаздары шақыртылған. Қытайдан, Монакодан және Қазақстаннан келетін 30-дан астам өнерпаз цирк өнерінің фестиваліне қатысады
Еске салсақ, EXPO-2017 көрмесі 2017 жылдың 10 маусымында басталып, 9 қыркүйекте аяқталады. 100-ден астам ел мен 10-нан астам халықаралық ұйым өздерінің тақырыптық павильондарын таныстырады.
Дереккөз: Tengrinews.kz


