29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Мұнай-химия саласы индустрияландыру бағдарламасының басым бағыттарының бірі ретінде анықталды

23 тамыз 2016 Қаралым: 2 780 Саясат,  Экономика,  Бизнес
Мұнай-химия саласы индустрияландыру бағдарламасының басым бағыттарының бірі ретінде анықталды

 Алматы. 23 тамыз.Ақпараттар орталығы. ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында мұнай-химия саласын дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметінен. 

 

Хабарда айтыландай, мұнай-химия өнеркәсібі 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық бағдарламаның басымдықтарының бірі болып есептеледі.

 

Инвестициялар және даму вице-министрі Т.Тоқтабаевтың айтуынша, Индустрияландырудың бірінші бесжылдығының нәтижесінде химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 32%-ға өсті. Осы уақыт аралығында 39 жаңа өндіріс пайдалануға беріліп, 4 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

 

2015 жылы 2008 жылмен салыстырғанда отандық фосфат тыңайтқыштар отандық өндірістің үлесі 81%-дан 99,9%-ға дейін, күкірт қышқылы 91%-дан 97,7%-ға дейін, лактар мен бояулар 60,5%-ға дейін, азот минералды тыңайтқыштар 62,8%-ға дейін өсті. 2016 жылдың бірінші жарты жылдық көрсеткіші өткен жылдың деңгейінде тұр.

 

Кеңес барысында саланы одан әрі дамыту өнімдерді экспорттайтын әрі импортты алмастыратын агрохимия секторына тікелей байланысты. Қазіргі таңда «Қазфосфат» ЖШС және «Еврохим-Тыңайтқыш» ЖШС үшін кешенді тыңайтқыштар өндіру, «Батыс калий» ЖШС үшін калий тыңайтқыштарын өндіру, сондай-ақ «ХимпаркТараз» АЭА үшін глифосат өндіру жөнінде ірі жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың үшеуі Жамбыл облысында орналасқан. Секторда барлық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде жалпы инвестицияның көлемі 703 млрд теңгені құрады.  

 

Сонымен қатар, төрт ірі химия өнеркәсібінің басшылары Қазақстанның барлық химия өнеркәсібіне тән бірқатар мәселені алға тартты. Атап айтқанда, әлемдік нарықтағы экономикалық жағдайға байланысты отандық өнімдерге деген сұраныс азайған. Қазіргі таңда компаниялар химиялық өнімдерді Ресейге, Қытайға, Украинаға, Грузияға, Түркіменстанға, Эстонияға және өзге де елдерге экспорттайды. 

 

Химия өнеркәсібі өкілдері салық және тарифтік саясат, қоршаған ортаны қорғау заңнамасына өзгерістер енгізу, субсидиялар төлеу және инфрақұрылымдық құрылыс жөніндегі мәселелерді көтерді.

 

Кеңеске қатысқандардың пікірін тыңдаған Премьер-Министр жұмыс тобын құруды, қолданыстағы салалық проблемаларды жинақтауды және қорытындылауды, оның шешім жолдарын ұсынуды тапсырды.

 

Баспасөз қызметінің ақпарынша, ИИДМБ екінші бесжылдығы аясында химия өнеркәсібіндегі басым секторлар айқындалды: мұнай-газ-химия, агрохимия және өнеркәсіпке арналған химикаттар, экспорттық нарықтарға шыға отырып, Қазақстан нарығында қажетті бәсекелестік артықшылықтары және даму перспективалары бар секторлар.

 

2015-2019 жылдары мына жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда:

Жамбыл облысында жылына жалпы көлемі 1 млн тонна минералды тыңайтқыш өндіретін «Еуро-Хим Тыңайтқыш» ЖШС зауытын салу,

Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында «Батыс Калий» ЖШС калий тыңайтқышын өндіру,

Қызылорда облысы Арал ауданында «Аралсода» ЖШС кальцийленген сода зауытын салу,

«ҚазАзот» ЖШС минералды тыңайтқыштар өндіретін және дайын өнім өндіру үшін жобалық қуаттылығын ұлғайту зауытын жөндеуден өткізу,

«Қазфосфат» ЖШС фосфат қосылыстарын өндіретін және аммофос өнімін жылына 500 тоннаға дейін өндіру үшін экстрациялық фосфор қышқылын 200 тоннаға дейін өндіру қуаттын арттыру.

Тағы оқыңыз