29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Назарбаев жас таланттарды қолдау қажеттілігін атап өтті

9 ақпан 2017 Қаралым: 2 542 Мәдениет,  Саясат
akorda.kz
Фото: akorda.kz

Алматы. 9 ақпан. Ақпараттар орталығы. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.

"Қазақстан 2017 жылғы универсиаданы тиісті деңгейде өткізді. Бұл жарыста біздің спортшыларымыз өздерінің шеберліктерін танытып, жоғары нәтижелер көрсетіп, өскелең ұрпаққа үлгі бола білді", — деп атап өтті Назарбаев. 

Мәдениет және спорт министрі Қазақстан Президентіне қысқы сайыстар қорытындылары мен бұқаралық спортты одан әрі дамыту жолында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

"Қазіргі уақытта министрлік Жапонияда өтетін қысқы Азиада мен 2018 жылы Корея Республикасында өтетін Олимпиялық ойындарға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр", — деді Мухамедиулы.

Сондай-ақ, Елбасы классикалық өнерді, кино индустриясын одан әрі дамытудың, жас дарындарды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Тағы оқыңыз