29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Назарбаев пойыздың апатқа ұшырауына байланысты Үндістан премьеріне көңіл айтты

21 қараша 2016 Қаралым: 2 142 Саясат,  Әлемде,  Оқиға
akorda.kz
Фото: akorda.kz

Алматы. 21 қараша. Ақпараттар орталығы. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үндістан Республикасының премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен. 

Мемлекет басшысы Канпур қаласында пойыз апаты салдарынан көптеген адам қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Оқиға салдарынан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтамын, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", — делінген жеделхатта.

Бұған дейін хабарланғандай, жексенбі күні ертеңгісін Үндістандағы Канпур қаласынан 100 км қашықтықта жолаушылар пойызының 14 вагоны рельстен шығып кеткен. Сарапшылардың айтуынша, апатқа ауа температурасының маусымдық айырмашылығы салдарынан рельстердің зақымдануы себеп болған. 

Соңғы ақпар бойынша, апат нәижесінде 142 адам көз жұмып, 226 жолаушы зардап шеккен. Оның ішінде 76-сының жарақаты ауыр. 


Тағы оқыңыз