Н.Ермекбаев Президенттен, жарылыстардан қаза тапқандардың туыстарынан және зардап шеккендерден кешірім сұрады
01 Сентября 2021
960
Социум
Алматы. 1 қыркүйек. Ақпараттар орталығы - Қазақстан Президенті – Жоғарғы Бас Қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесу өткізіп, жаңадан тағайындалған министр Мұрат Бектановты таныстырды, деп хабарлайды Хабар 24.
Мемлекет басшысы жаңа министрдің білімі мен тәжірибесі
Қарулы Күштерге жүктелетін міндеттерді орындауға септігін тигізетініне сенім
білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев әскер әлемдегі және аймақтағы күрделі жағдайда
кез келген сыртқы қауіп-қатерге тойтарыс беруге, мемлекетіміздің қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге дайын болуы керек екенін айтты. Президент Арыс пен Жамбыл
облысының Байзақ ауданындағыдай төтенше оқиғаларға жол бермеудің аса маңызды
екеніне тоқталды. Бұл ретте Жоғарғы Бас Қолбасшы оқдәрі қоймаларындағы
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде берген тапсырмасын әскерилердің есіне
салып, бұл бағытта бірқатар жұмыстар жасалғанын, дегенмен, әлі де шешімін
күткен түйінді мәселелердің бар екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Қорғаныс
министрлігіне бірқатар міндет жүктеді. Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Қарулы күштерін
дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын толықтай жүзеге асыру қажет
екеніне, әскери қауіпсіздіктің сын-қатерлеріне шұғыл әрекет ету үшін басқару
органдарының дайындық іс-шараларын жалғастыра беруге назар аударды. Президент
Қарулы күштерді жабдықтау бойынша міндеттемелерді орындау барысында отандық
қорғаныс өнеркәсібі кешенімен келісіп жұмыс істеуді тапсырды. Сонымен қатар
офицерлер мен келісім-шарт бойынша алынатын қызметкерлерге сапалы дайындық
жүргізуді қамтамасыз етуге, офицерлер мен генералдар қатарында сыбайлас
жемқорлыққа жол бермеуге шақырды. Жоғарғы Бас Қолбасшы оқдәрі сақтайтын барлық
қоймаларда және басқа да қару-жарақ сақтайтын жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз
ету жөнінде түбегейлі шешім қабылдауды, сондай-ақ елді мекендерден алыс жерде
оқдәрі сақтайтын заманауи қоймалар салу жұмыстарын жылдамдатуды тапсырды. Бұған
қажетті қаражат «Қауіпсіз ел» Ұлттық жобасынан қарастырылуы тиіс. Мемлекет
басшысы жиын соңында жаңа министрге және барлық әскерилерге аса жауапты
қызметте табыс тіледі. Тағайындалған министр Мұрат Бектанов Үкімет мүшесі
ретінде ант қабылдады. Жиын барысында отставкаға кеткен бұрынғы министр Нұрлан
Ермекбаев сөз сөйлеп, Президенттен, Жамбыл облысының Байзақ ауданында болған
қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың ағайын-туысынан және зардап шеккендерден
кешірім сұрады.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




