• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Өскемендегі кембағал балаларға тегін көмек көрсететін орталық жабылуы мүмкін

Алматы. 16 қараша. Ақпараттар орталығы - Өскемендегі аутизм және сал ауруына шалдыққан балаларға арналған оңалту орталығы жабылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені аймақтағы ішкі аудит департаменті дәл осы мекемемен келісімшарт арқылы жұмыс істейтін облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік тапсырыс бойынша өткізген тендердің қорытындысын тексерген. Сөйтіп құжаттан біраз қате табады. Бірақ мекеме қателіктерін бірден түзеген. Бірақ оған қанағаттанбаған ішкі аудит департаменті орталықтың жұмысын тоқтату жөнінде сотқа шағым түсіреді. Енді мүгедек балалардың ата аналары екі мемлекттік мекеме бір-бірімен соттасып жүргенде, тегін көмек көрсететін орталық мүлдем жабылып қала ма деп алаңдайды Төрт жасар Әмірхан үшін әлеуметтік орталық екінші үйіндей. Бүлдіршін бұл мекеме ашылған күннен бері түрлі оңалту курсынан өтіп жүр. Қазір мекемедегі түрлі мамандар сал және аутизм ауруына шалдыққан 27 баланың оңалып кетуіне көмектеседі. Бұл мекеме жеке қор ретінде құрылып, биыл ақпан айында орталық ретінде жұмысын бастады.

Әсел Масанова, қала тұрғыны: – Бұл орталықтан біз психолог, логопед, дефектологтың және басқа да өзімізге қажет көмектің бәрін тегін аламыз. Баламнан айтарлықтай прогресс байқадық. Түзелу, алға жылжу бар. Енді бұл орталық жабылса бізге өте қиын болдаы. Қиын болмас үшін облыстық әлеуметтік бағдарламалар басқармасы биыл да осы салада мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін мекемелер арасында тендер өткізеді. Тендерден ұтқан әлмеуметтік орталық мемлекеттен 12 миллион теңгенің тапсырысын алады. Алайда арада айлар өткенде тендерге қатыспаған тағы бір қор орталықтың тәжірибесіне күмәнданып, ішкі аудит департаментіне шағым түсіреді. Құзырлы орган ұзақ тексеруден соң конкрусты өткізу кезінде кейбір ережелердің сақталмағанын анықтайды.

Олжас Нұқаев, облыстық ішкі аудит департаменті басшысының орынбасары: – Мемлекеттік аудит нәтижелері мемлекеттік сатып алу саласында заңнама талаптарының сақталмағанын көрсетті. Осылайша басқарма кемінде үш әлеуетті өнім берушіге коммерциялық ұсыныстар беру беру туралы сұрау салуларды жіберуді қамтамасыз еткен жоқ. Әлеуемттік бағдарламаларды үйлестіру басқармасындағы жауапты мамандар оңалту орталығы ішкі аудит департаменті анықтаған кемшіліктердің бәрін түзеткенін айтады. Алайда оған қарамастан ішкі аудит орталықтың жұмысын тоқтау туралы биыл шілдеде сотқа шағым жолдайды. Алғашқы сатыдағы сот отырысында орталықты жабу жөнінде шешім шығады.

Меруерт Өтегенова, балаларды оңалту орталығының директоры: – Шілде айынан бастап мемлекеттен қаржыландыру тоқтады. Бірақ біз оған қарамастан өз қаржымызға жұмыс істеп келеміз. Өйткені аутизм мен сал ауруына шалдыққан балалардың ем-домы мен ораға көрсетілетін көмек пен түрлі жаттығу үзілмеу керек. Сонда ғана нәтиже болады. Нәтиже болатынын ата-аналар да растап отыр. Егер ақылы қызмет алса, бір балаға айына аз дегенде 80 мың теңге қажет.

Салтанат Көкенова, қала тұрғыны: – Жолдасым ғана жұмыс істейді. Жақсы көмек, осында келіп жүрміз. Тегін алып жүрміз. Негізінде басқа жерге барсақ, 3-4 мың тұрады. Мұнда бәрін тегін аламыз. Уайымдап жүрміз. Жаппаса екен деп тілейміз. Жабылмауы үшін оңалту орталығының жұмысын заңгері сотта барлық құжатпен дәлелдеп шыққан. Ал бұл салада біліктілігі жоқ деп тендерге қатыспаған қордың шағымына сәйкес орталықты тексеріп, одан сотқа берген ішкі аудиттің әрекетін түсінбей аң-таң.

Владислав Животягин, заңгер: – Міне, біздің барлық тиісті сертификатымыз бар. Барлық маман тиісті тағылымдамадан өткеніне осы құжаттар дәлел. Бірақ алғашқы сатыдағы сот отырысында судья бұл құжаттарды ескермеді. Алғашқы сатыдағы соттың шешімімен келіспеген орталық жетекшілері апелляциялық шағым жазған. Келесі тыңдау әлі өткен жоқ. Оңалту орталығы және департамент пен басқарманың арасындағы өзара тартысы қалай шешілері әзірше белгісіз?!

Источник: Хабар 24

ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в

ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля

ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО

ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью

ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте

ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии

ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение

ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области

ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков

ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше

ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих

ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения

ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре

ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в

ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте

ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»

ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля

ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта

ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске

ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино

ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице

ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию

ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования

ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду

ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий

ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области

ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО

ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»

ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве

ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе