Пандемия Тәуелсіздік тойына көптеген түзету енгізді – Дәурен Бабамұратов
21 Июля 2021
1462
Социум
Фото: ҚазАқпарат
Алматы. 21 шілде. Ақпараттар орталығы - Пандемия Нұр-Сұлтан қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап өткізілетін шаралардың форматын өзгертіп, ауқымын тарылтуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратовтың айтуынша, биыл Тәуелсіздік мерейтойы аясында елордада 800-ден астам шара өткізу жоспарланған екен. Бүгінде соның жартысына жуығы іске асқанымен, о бастағы ауқымы мен форматына түзетулер енген. Оның бәріне пандемиямен байланысты шектеулер себепкер. «Пандемия Тәуелсіздік тойына сөзсіз әсер етті. Өкінішке қарай, қатаң санитарлық талаптар бойынша және елорданың «қызыл» аймақта болуына байланысты жабық ғимараттың ішінде өтуі жоспарланған, аса маңызды көптеген іс-шараны онлайн форматта өткізуге мәжбүр болып отырмыз. Бұған дейін де біршама шараның көлемін азайтып, қатысушылар санын шектеген болатынбыз. Ахуал осылай жалғасатын болса, көптеген жоспарға түзетулер енгізетініміз сөзсіз», - деді әкімдік өкілі. Оның айтуынша, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Қайырымды істер марафоны» аясында елордалықтарға 10 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылған . «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Нұр-Сұлтан қалас ы нда 300-ден астам шара өткізілді. Бұл шаралар 66 мыңнан астам адамды қамтып, атаулы көмек пен қолдау көрсетілді. «Қайырымды істер марафоны» ұранымен өткен шаралар аясында әкімдік қызметкерлері мен еріктілер, Қазақстан халқы Ассамблеясының қалалық бөлімшесінің өкілдері мен бизнесмендер жарты жылдың ішінде 10 мыңнан астам азық-түлік себетін таратты», - деді әкімдік өкілі.
ru С начала года библиотеки Казахстана посетили 37 миллионов человек
ru Крупная китайская компания заинтересовалась строительными проектами в Алматы
ru Более 110 тысяч детей обратились за помощью в контакт-центр «111»
ru В Алматы ликвидирована сеть незаконных онлайн-казино
ru В Алматы откроют совместную лабораторию робототехнических технологий
ru Более тысячи единиц спецтехники задействованы в снегоуборочных работах в Астане
ru В Усть-Каменогорске завершается очередной этап модернизации ТЭЦ
ru В Казахстане ужесточено наказание за похищение невест
ru Полиция усиливает контроль за движением большегрузов в Алматы
ru В Казахстане отмечается снижение цен на ряд лекарственных средств
ru Глава государства принял учредителя группы компаний Qazaq Stroy Нурлана Артыкбаева
ru Глава государства принял Премьер-министра Беларуси Александра Турчина
ru Комиссиями по делам несовершеннолетних рассмотрено свыше 7 тысяч дел с
ru В Актобе открыт первый в стране завод по производству пожарных
ru Казахстан и Китай укрепляют сотрудничество в сфере статистики по обследованию
ru Полицейские вернули пенсионеру 39 млн тенге, похищенные мошенниками
ru В Астане пройдет Astana Media Week 2025
ru Открыто прямое авиасообщение между Астаной и Белградом
ru Кражу на футбольном поле раскрыли в Астане
ru Более 4,3 тыс. объектов адаптировано для лиц с инвалидностью в
ru В Кызылорде построят новый агрокластер и тепличный комплекс
ru 98 фактов незаконного вмешательство в бизнес зафиксировала прокуратура за 9
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Президенту Алжира
ru Юбилейный сезон стартует в театре драмы им. М. Ауэзова
ru В Казахстане установят 4 миллиона смарт-электросчётчиков
ru В Алматинской области реализуют крупный агропромышленный проект
ru Дархан Сатыбалды: важно не допустить роста цен на социально значимые
ru Глава государства принял Генерального секретаря ОДКБ Имангали Тасмагамбетова
ru Президент провел встречу с Раисом Республики Татарстан Рустамом Миннихановым

+77772555856
Написать нам




