• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Петропавлда жүргізуші куәлігі жоқ мас адам жүк көлігін айдап әкетпек болды

Фото:ҚазАқпарат

Алматы. 27 қаңтар. Ақпараттар орталығы  -Петропавлда спирттік ішімдік ішкен ер адам жүк көлігін айдап әкетпек болған жерінен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы техникалық қызмет көрсету орталығында «DAF» жүк көлігінің жүргізушісі тіркемесінің доңғалағын жөндеп жатқанда кенеттен көлік орнынан қозғалған. Машинаның кабинасында бейтаныстың отырғанын көрген кәсіпорын жүргізушісі мен күзетшісі оны тоқтатпақ болады. Жүк көлігі жақын тұрған «Mazda» автомашинасына соғылып барып тоқтайды. Оқиға орнына шақырылған полицейлер күдіктіні ұстады. Петропавлдың 42 жастағы тұрғыны бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін сотталған. Ер адам мас болған. Оның айтуынша, жүк көлігінің кабинасына жылыну үшін кірген. Одан арғы әрекеттерін түсіндіре алмады. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бабы бойынша тіркелді. Бұдан басқа күдікті көлік рөліне жүргізу құқығынсыз отырғаны және мас күйде көлікті басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оған міндетті түрде келу туралы бұлтартпау шарасы тағайындалды. СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климовтың айтуынша, бұл - биыл облыста көлік құралын заңсыз иемденудің екінші дерегі. Былтыр осындай 85 факті тіркелген.


 

 

Источник: ҚазАқпарат

ru «Костанайский осетр» готов увеличить производственную мощность в 2 раза

ru В Алматы стартует Международная олимпиада по искусственному интеллекту

ru 130 тысяч казахстанских детей сели за парты в обновленных школах

ru 31 октября во всех крупных городах Казахстана стартует общереспубликанская акция

ru В Экибастузе открылся новый театр «Ертіс-Баян»

ru Токаев прибыл с рабочей поездкой в Кызылординскую область

ru Помочь с ЕНТ "обещала" павлодарка за 1 млн тенге

ru Реконструкция взлетно-посадочной полосы аэропорта Павлодара будет завершена в июле 2026

ru Состоялся телефонный разговор Касым-Жомарта Токаева с Александром Лукашенко

ru В Шымкенте завершился Казахстанско-Афганский бизнес-форум с итогом в 303 миллиона

ru Токаев встретился со Специальным представителем Президента США по Южной и

ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Президенту Турции

ru Акмолинские аграрии преодолели исторический рубеж — 7,6 миллиона тонн зерна

ru Почти 9 тыс. казахстанцев получили гранты для реализации новых бизнес-идей

ru Развивать угольную генерацию на базе технологий чистого угля намерены в

ru В 2029 году планируется обеспечить профицит в энергосистеме Казахстана

ru КНБ предотвратил теракт в Алматы

ru Токаев поздравил президента Чешской Республики с Днем независимости

ru Холдинг «Байтерек» трансформируется в инвестиционный

ru В Казахстане завершается сбор урожая

ru В Алматы подвели итоги ОПМ "Правопорядок"

ru Заключительная сельскохозяйственная ярмарка будет проходить один день 25 октября в

ru Парк Президента в Кызылорде обретет новый облик

ru Президент выступил на торжественном мероприятии по случаю Дня Республики

ru Казахстан и Беларусь обсудили перспективы сотрудничества в аграрной сфере

ru В Казахстане за три года вдвое увеличилась заработная плата работников

ru В Семее открылся лесной питомник

ru В Казахстане утвердили национальные стандарты по искусственному интеллекту

ru Концерты в День Республики пройдут в каждом районе Астаны

ru В Астане наградили 20 образцовых семей Казахстана