26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Польшалық репортер Марко Полоның Жібек жолы бойынша өткен жолын қайталамақшы

22 қараша 2016 Қаралым: 2 281 Мәдениет,  Туризм
mks.gov.kz
Фото: mks.gov.kz

Алматы. 22 қараша. Ақпараттар орталығы. Польшаның зерттеуші-репортері Яцек Палкевич Марко Полоның Жібек жолы бойынша өткен жолын қайталамақшы, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен. 

Астанада Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтында бас директор Андрей Хазбулатов пен Польшаның әйгілі зерттеуші-репортер, Итальяндық  саяхатшы Марко Полоның Жібек жолы бойынша өткен жолын қайталауды жоспарлаған Яцек Палкевичтың ресми кездесуі өтті. Кездесу барысында Яцек Палкевич өзінің «Жаңа Жібек жолы -2017»  атты жобасы туралы тілқатты.

"Халықаралық экспедиция бағдары Қытайдан басталып, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан, Ресей және Беларус аумағынан өтіп, Польшада аяқталмақ.  Алпыс күн ішінде экспедицияға қатысушылар 10 мыңнан аса километр өтеді деп жоспарлануда. Ұлы Жібек жолының Қазақстан аумағынан өтуі,  Қазақстанды еуразия құрлығындағы халықтар арасындағы мәдени, сауда байланыстың дамуында зор орын алатын мекенге айналдырды", — деп атап өтті Палкевич.

Өз кезегінде Андрей Хазбулатов аталмыш халықаралық жобаға қызығушылығын білдіріп, «Марко Поло: ашулар мен құпиялар» атты ғылыми-көпшілік фильмі туралы айтып берді.

«2016  жылы Қазақстан Республикасының спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мухамедиұлының бастамасымен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты Марко Поло туралы  ғылыми-көпшілік фильмінің бірінші сериясының түсірілімін бастады. Түсірілім аясында итальяндық және қытай тараптарымен бірлесіп, әйгілі саяхатшының өмірбаянын зерттеу бойынша жетекші сарапшылармен жұмыс атқарылуда және қазіргі таңда ғаламторда фильмнің ресми трейлері жарияланды. Сонымен қатар, институт тарихта алғаш рет Марко Полоның «Әлемнің әралуандылығы туралы» атты кітабының қазақ тіліне аудармасын жасады", — деді ол.

Әнгімені қортылай келгенде, бас директор Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты Ұлы Жібек жолына, оның Қазақстанға ықпалына  аса маңыз беретіндігін айқындап, сол себепті аталмыш жобаға қажетті қолдау көрсетуге дайын екендігін айтты.  

Яцек Палкевич – Ресей географиялық қоғамының, Лондондағы Royal Geographical Society Корольдік географиалық қоғамының мүшесі және 30 кітап пен деректі фильмдердің авторы. Палкевич жер-шарының барлық ендіктерінде болып, қажымай, жойылып бара жатқан азшылық ұлттар туралы мағлұмат жинаған. Жалғыз болып Атлант мұхитын жүзіп өткен, Якутсктан Оймяконға дейін бұғыларды жегіп жүріп өткен, даяк тайпасы көсемінің лашығында түнеген, ғарышкерлер мен әскерилерге шөлде аман қалу жаттығуларын жүргізген.

​

Тағы оқыңыз