26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Президентке Есеп комитетінің 2016 жылғы жұмыстарының қорытындысы туралы баяндады

24 қаңтар 2017 Қаралым: 1 980 Саясат,  Қаржы
Akorda.kz
Фото: Akorda.kz

Алматы. 24 қаңтар. Ақпараттар орталығы. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршинді қабылдады, деп хабарлады Акорданың баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысына Қ.Жаңбыршин Есеп комитетінің 2016 жылғы жұмысының негізгі нәтижелері, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы баяндады. Бұдан бөлек, Есеп комитет төрағасы Қазақстан Президентін «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңның іске асырылуы жолында қабылданып жатқан шаралар жөнінде хабардар етті.

Сонымен бірге, Қ.Жаңбыршин Есеп комитетіндегі және мемлекеттік аудит нысандарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шаралары жөнінде мәлімдеді.

Соңында Есеп комитетінің төрағасы Мемлекеттік аудитор біліктілігін алудан үміткерлерді сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның 2016 жылғы атқарған жұмысы туралы айтып берді.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.

Тағы оқыңыз