Путин мен Назарбаев Астанада Сирияны реттеу бойынша кездесуге дайындықты талқылады
Алматы. 30 мамыр. Ақпараттар орталығы. Ресей мен Қазақстан президенттері Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев телефонмен Астанадағы Сирия жөніндегі кезекті халықаралық кездесуді талқылады, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ТАСС.
Сондай-ақ, "әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық маңызды мәселелер туралы пікір алмасып, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше-мемлекеттері басшылары кеңесінің алдағы отырысы барысында талқыланатын бірқатар мәселелерді, EXPO-2017 көрмесінің ашылуын талқылады", деп атап өтті баспасөз қызметінде.
Дереккөз: ТАСС


